Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 января 2021 17:00

Эбола, 2001 жылғы теракт, Трамптың президент болуы. Симпсондар болашақты болжағаны рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Симпсондар - америкалық телевизия тарихындағы ең ұзақ мультсериал. 2020 жылы сериалдың 32 маусымы трансляцияланды. Сатиралық жанрдағы мультсериал Симпсондар әулеті және ойдан шығарылған Спрингфилд қалашығының тұрғындары туралы. Сериалда саясат, дін, біржыныстық неке, Ирактағы соғыс, феминизм, есірткінің заңдастырылуы секілді өткір тақырыптар қозғалған. Халық арасында бұрын және бүгінде болып жатқан оқиғалардың бәрін Симпсондар болжаған деген пікір қалыптасқан. Расында Симпсондар эбола вирусы, Трамптың президент болып сайлануы не Париждегі Нотр Дам шіркеуінің өртенгенін болжаған кезде еріксіз сеніп, бас қатыра бастайсың.


Симпсондар - америкалық телевизия тарихындағы ең ұзақ мультсериал. 2020 жылы сериалдың 32 маусымы трансляцияланды. Сатиралық жанрдағы мультсериал Симпсондар әулеті және ойдан шығарылған Спрингфилд қалашығының тұрғындары туралы. Сериалда саясат, дін, біржыныстық неке, Ирактағы соғыс, феминизм, есірткінің заңдастырылуы секілді өткір тақырыптар қозғалған. Халық арасында бұрын және бүгінде болып жатқан оқиғалардың бәрін Симпсондар болжаған деген пікір қалыптасқан. Расында Симпсондар эбола вирусы, Трамптың президент болып сайлануы не Париждегі Нотр Дам шіркеуінің өртенгенін болжаған кезде еріксіз сеніп, бас қатыра бастайсың.

Мультсериалдың қысқаша тарихы

Сериалдың ең алғашқы маусымы 1989 жылдың 17 желтоқсанында шыққан. Ол ойдан шығарылған Спрингфилд қаласының тұрғындары туралы сериал. Ал шын мәнінде АҚШ-та Спрингфилд атты қала көп, сондықтан да осы атау таңдалған. Сериал фанаттары 2012 жылға дейін бұл нақты қай Спрингфилд туралы екенін білмеген.

Болжам бойынша, Спрингфилд Нью-Джерси штатындағы қала екені айтылды. Себебі 22 маусымның 19 сериясында титрдың алдында штат түсіп қалған. Тағы бір нұсқа бойынша, Спрингфилд Невада штатында орналасқаны айтылады. Себебі бұл штатта Симпсондардың үйінің көшірмесі тұр.

Кейіннен, 25 жылдан кейін 2012 жылы сериалды жасаушы Мэтт Грейнинг Smithsonian журналына берген сұхбатында Спринфилд Орегон штатындағы Спрингфилд қаласының құрметіне аталғанын айтқан.

Симпсондар "болжағаннан" кейін болған оқиғалар

Эбола вирусы

1997 жылы шыққан сериялардың бірінде Мардж Бартқа ертегі оқып береді. Ал кітаптың сыртында "Қызыққұмар Джордж және Эбола вирусы" деп жазылып тұрады. Бұл кадрды көргендер Симпсондар 2003 жылы Эбола эпидемиясы болатынын болжады деп ойлаған. Бірақ шын мәнінде эбола алғаш 1976 жылы Судан провинциялары мен Заирдың кейбір ауданында анықталған. Суданда жалпы 284 адам жұқтырып, 151 адам қайтыс болған. Аурудың атауы Заирдегі Эбола өзеніне байланысты қойылған.

Кейіннен эбола эпидемиясы 2003 жылы Конгоның Этумби қаласынан анықталған. Салдарынан 128 адам қайтыс болған. Жалпы вирустың бұл түрі жыл өте анықталып тұрады. Мысалы 2012 жылдың шілдесінде Угандада эболадан 14 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2014 жылдардағы бас директоры Кэйдзи Фукуданың сөзінше, осыдан жеті жыл бұрын тараған эбола вирусы тарихтағы ең ірі эпидемия. 2014 жылы вирус Батыс Африкада Гвинеяда анықталып, 2015 жылдың желтоқсанына дейін жалғасқан. Вирус Либерия, Сьерра-Леоне, Ниегрия, Сенегал, АҚШ, Испания мен Малиге тарады.

2001 жылғы теракт

Симпсондар сериал кезінде көп жерге қыдырады. Әсіресе 1997 жылы Нью-Йорк қаласына барған сәттері көптің есінде ерекше қалған. Себебі мультсериалда автобус билетінің құны 9 доллар және сол кездері қаланың символы болған "Егіз мұнарасы" бейнеленген журнал тұрады. 9 саны "Егіз мұнарасының" жанында тұрғандықтан көп адам Симпсондар теракт болатын күн 9.11 (тоғызыншы қыркүйек) екенін болжады деседі. Расында 16 жылдан кейін АҚШ тарихындағы ең сұмдық теракт болады.

Алайда Симпсондардың бұл терактіге еш қатысы жоқ. Себебі 9 доллар деген баға аспаннан алынбаған. Мысалы Нью-Арк пен Нью-Йорк арасындағы билет құны 9 доллар болса, Орегон штаты мен Нью-Йорк аралығы 331 доллар болған екен. Ал 7-8 маусымның продюсері Билл Оукли екі қала арасындағы жоғары бағаға наразы болғандықтан журнал сыртында 9 доллар деп тұрғанын айтты.  

Трамптың президент болуы

Расында осы скриннен кейін Симпсондар алда не болатынын дәл болжады деген ой қалыптасқан. Алайда кейіннен Трамп әйелімен эскалаторда түсіп келе жатқан видеосы Желіде мультфильмнен бұрын пайда болғаны анықталған.   

Шынайы видео 2015 жылдың 16 маусымында жарияланса, шамамен бір айдан кейін 2015 жылдың 7 шілдесінде анимациялық мультфильм кадры пайда болған. 

Нотр Дам шіркеуінің өртенуі 

Бұған дейінгі көрсеткен мысалдарымыз расында сериалдағы кадрлар болса, Нотр Дамның өртенуі мен Симпсондардың түк қатысы жоқ. Себебі сериалдың шіркеудің өртенгені туралы болжамы - Желіде тараған кезекті фейк коллаж. 

Желіде тараған фейк

Түпнұсқа кадр

Трамптың Сауд Арабиясына сапары 

Симпсондар Трампты президент етіп қана қоймай, оның Мысыр және Сауд Арабиясы президенттерімен одақ құрмақ болғаны туралы да "болжаған". Ал шын мәнінде Желіде бірінші суреттің түпнұсқасы, кейіннен Fox-тың каналында қысқаша ролик жарияланған. 

Вашингтондағы тәртіпсіздік

Ең қызығы 7 қаңтарда Капитолийді басып кірген Дональд Трамптың жақтастарының ішінде викинг костюмін киген ер адам ерекше көзге түсті. Дәл сондай костюм киген кейіпкер мультсериалда да болған.

© Gettyimages

Алайда желі қолданушылары бұл ешқандай да болжам емес екенін, ол тек сериал кейіпкеріне жасалған косплей екенін айтады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети