Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 мая 2019 19:38

Ең көп табыс түсірген қазақстандық 10 фильм аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Соңғы бес жылда елімізде коммерциялық фильмдер көптеп түсіріліп жүр. Сұраныс болсын-болмасын көбі комедия жанрында және он фильмнің тоғызында Қазақстан эстрада жұлдыздарының міндетті түрде қатысы болады. Әншілердің бірнешесі толықметраж фильм түсіріп үлгерді. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қазақ киносына көңіліңіз тола ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Соңғы бес жылда елімізде коммерциялық фильмдер көптеп түсіріліп жүр. Сұраныс болсын-болмасын көбі комедия жанрында және он фильмнің тоғызында Қазақстан эстрада жұлдыздарының міндетті түрде қатысы болады. Әншілердің бірнешесі толықметраж фильм түсіріп үлгерді. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қазақ киносына көңіліңіз тола ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында кино бюджеті, әншілердің режиссураға бет бұруы жайлы әңгіме болды және де бағдарлама барысында кассалық түсімі жөнінен үздік он фильмге тоқталды:

"Бизнес по-казахски в Африке" - 573 883 750 теңге
"Құдалар" - 390 617 555 теңге
"Бизнесмендер" - 195 559 200 теңге
"Ұлы дала комедиясы" - 183 463 410 теңге
"Мен күйеумін!" - 161 742 400 теңге
"Гудбай, мой бай - 146 089 950" теңге
"Таиландтағы каникул" - 127 101 927 теңге
"Сиситай" - 99 408 465 теңге
"Әміре" - 74 803 200 теңге
"Свадьба.kz" - 73 028 323 теңге.

Танымал актер Қажет Смағұл болса, актерлердің білімі мен шығармашылығы жайлы өз ойын алға тартты. 

"Бізде білім болмағанда қалай. Негізі теорияға қарағанда практикасы болғаны жақсы деп ойлаймын. Қазір Жүргеновтен бөлек, Алматы мен Нұр-Сұлтанда алты-жеті айлық актерлік шеберлікке үйрететін студиялар бар. Олар диплом да береді. Практика ретінде қарайтын болсақ, мен 1986 жылдан бері сахнада жүрмін. Тәжірибе кімде көп, сол актер деп ойлаймын. Білім керек. Бірақ бір саланы ғана оқытса, шәкірт сахна мәдениеті мен актер шеберлігін меңгерсе, ары қарай өзінің қабілеті болса алып кетеді. Қабілеті болмаса, үйрет-үйретпе одан ештеңе шықпайды", - дейді Қажет Смағұл.

"Мен сынағанда барлық фильмді сынағам жоқ. Киноға сынау үшін де, көру үшін де барамын. Киноның дамуын, жастардың не түсіріп жатқанын білгім келеді. Менің жеке пікірім: Әнші болды ма, әнші болуы керек. Қайтесің басқа саланы? Актер болсаң, әншіліктің қайтесің? Қолынан келетін болса, мысалы Төреғалиді алайық. Оның фильмі жақсы шықты. Неге? Өйткені ол актер шеберлігін Жүргеновте оқыған адам. Ол осы саланы жақсы біледі. Ал енді Ерке Есмаханның фильмі - мен мүлде түсінбедім бұл туындыны. Не сценариін, не драматургиясын түсіне алмадым", - дейді ол.

Қазіргі таңдағы кәсіби режиссерлердің туындылары, кино әлеміндегі аударма мен субтитрлар жайлы режиссер Кенжебай Дүйсенбаев сөз қозғады.

"Ешқандай да реніш жоқ. "Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса" деген бар ғой. Ақша кімдікі, сол адам режиссерді таңдайды. Ол оның танысы ма, әлде іздеп жүріп тапты ма? Жастар жөнінде жастардың түсіргендері дұрыс қой. Мәселен, коммерциялық фильмдердің ішінде Нұрлан Қоянбаевтың "Бизнес по-казахский" фильмдері маған ұнады. Жақсы фильмдер бар", - дейді Кенжебай Дүйсенбаев.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети