Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июля 2020 13:00

"Қу індеттің құрсауынан сен де шыға алмадың" - өнердегі әріптестері Дархан Дайырбекпен қоштасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Дайырбек Дархан Дайырбек

Бүгін театр және кино актері Дархан Дайырбектің дүниеден озғаны туралы қаралы хабар жетті. Әріптестерінің хабарына қарағанда, актер соңғы күндері өз еркімен дем ала алмай жүрген және жансақтау бөлімінде жатқан. Актердің әріптестері өнер иесімен қоштасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін театр және кино актері Дархан Дайырбектің дүниеден озғаны туралы қаралы хабар жетті. Әріптестерінің хабарына қарағанда, актер соңғы күндері өз еркімен дем ала алмай жүрген және жансақтау бөлімінде жатқан. Актердің әріптестері өнер иесімен қоштасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дархан Дайырбек 1969 жылы туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет қайраткері. "Терісқақпай" комедия театрының әртісі. Отандық бірнеше фильмде басты рөлде ойнаған: "Әкім", "Құдалар", "Қазақша тонау", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабинка-2", "Бес күндік күйеу", "Мен күйеу баламын" және тағы басқа.

"Әкім" фильмі

"Құдалар" фильмі

Актердің өмірден өткені туралы хабарды алғашқылардың бірі болып продюсер әрі актер Нұртас Адамбай жеткізді.

"Бүгін түнде біздің тамаша актеріміз Дархан Дайырбек қайтыс болды. Студиямыз туғаны мен туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға әрдайым көңілді әрі жақсы кісі еді. Сол қалпында есімізде қалады. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысыңызға және адамдарға деген қарым-қатынасыңызға рақмет. Иманды болыңыз", - деп жазды Нұртас Абамбай.

Отбасылық жұп Қанат, Айтгүл Айтбаевтар өнер иесімен қоштасты.

"Бауырымыз Дархан Дайырбекұлынан айырылып қалдық. Алтыным, бұл аты жаман дерт сені алып кетеді деп кім ойлаған. "Ағау" деп, "Ақ женгем" деп жүруші еді, қайтеміз енді алланың жазғаны осы шығар. Кеше барғанымызда күліп жатыр едің, "жеңге, бәрі жақсы болады" деп Иманды бол, бауырым.

Сенен бұлай айырылып қаламыз деп ешкім ойламады ғой, жанып тұрған жұлдыз едің, не бәрі 51 жаста жас кетті ғой. Қазақ кино саласына, театр саласына көп үлесіңді қосқан едің. Айтгүл екеуміздің талай кешімізді жүргізуді саған сеніп тапсыратын едік, енді сенің дауысыңды видеодан ғана естіп сағынышымызды басатын болдық. Айтгүлдің сырласы, маған үйге келгенде "саған келген жоқпын, аға, жеңгеме келдім, бәрібір жеңгем шешеді ғой" деп күлдіретін еді, "бұйрабасым менің" деп еркелетуші едім. Иманды бол, бауырым. Қазақ елі ешқашан ұмытпайды сені", - деп жазды әнші парақшасында.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kanat Aitgul Kudaibergenov (@kanataitgul)

Қалың көпшілікке "Тамаша" театры арқылы танылған, "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку" комедиялық театрларын ашқан Асқар Наймантаев өнердегі әріптесімен қоштасты.

"Қайтейін-ай! Алыста болып аңырап, жырақта жүріп жер сипап қалдым-ау, ағайын! Жаным-оу, Дархан-оу, енді қайтем! Таныстың бәрін жұмылдырсақ та тынысыңды аша алмадық қой... Жан досың, серігің Ұлан күндіз түні жоғыңды жоқтап, кергегіңді жеткізсе де араша бола алмадық... Cенің жұтар бұр жұтым суың, терең дем алар ауаң бола алмадым... Қабақ шытпай қиындықты жымиып жеңуші едің...Сенің қателігіңді де қайталай алмаймыз-ау енді. Терісқақпайдың да қатары сөгілді халқым, оны енді бүтіндей алмаймын... Бақұл бол!", - деп жазды актер Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асқар Наймантаев (@askar.naimantaev)

Театр және кино актері Ұлан Нүсіпәлі өнер иесінің қауіпті індеттен қайтыс болғанын хабарлады.

"Өмірде де,өнерде де жанымда жүрген жан досым ай! Қу індеттің құрсауынан сен де шыға алмадың-ау! Қайтейін, Алла жаныңды Жаннаттық етсін, жан досым...", - деп жазды актер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ұлан Нүсіпәлі (@ulan_nussipali)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Елдің азаматы еді. Тағыда бір азаматтан айырылып қалдық. Туған туысына ,балашағасына, жарына қайғырып көңіл айтамыз. Иманы жолдас болсын.

Публикация от Токтар мен Бейбiт (@toktar_beibyt)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жүзі жарқылдаған ағатайым ау?! Алла алдынан жарылқасыншы. Жылы жүзіңізбен, жарқыр мінезіңізбен мәңгі есімде сақталасыз. Жақындарына көңіл айтамын.

Публикация от INDIRA RASYLKHAN (@indirarasylkhan)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети