Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 сентября 2019 14:26

Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/leila.rakhimjanova © facebook.com/leila.rakhimjanova

"Қыз Жібек" фильміндегі басты рөлдегі кейіпкер - Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққаны белгілі болды. Сәукелені жасап шыққан - сәулетші Лейла Рахымжанова, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Қыз Жібек" фильміндегі басты рөлдегі кейіпкер - Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққаны белгілі болды. Сәукелені жасап шыққан - сәулетші Лейла Рахымжанова, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы сәулетшінің өзі Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеген. 

"Қыз Жібектің сәукелесі менің қолымнан шыққан! Сәукелені шұғыл дайындау керек болды, бірақ киностудия тігіншілері неге екені, оны тігуден бас тартқан. Сосын мен дайын пішінді үйге алып,  Гүлфайрус Ысмайылованың эскиздері бойынша әрбір моншақты қатты картонға тіге бастадым. Түні бойы жасап, сәукелені таңертеңге киностуияға дайындап апардым. Жүздеген моншақ тізбектеліп тігілген жұмысты көріп Гүлфайрус Ысмайылова қатты таңғалды", - дейді жазбасында Лейла Рахымжанова. 


Лейла Рахымжанова. © facebook.com/leila.rakhimjanova

Лейла Рахымжанова - 1949 жылы 26 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Табиғатынан би мен әртістік қабілеті болғандықтан, жас кезінде "Қазақфильм" киностудиясының бірнеше картинасына түскен. Кейін де фильмге түсуге ұсыныстар болған. Алайда, ол басқа мамандыққа бет бұрып, сәулетші атанған. 

Лейла Шаймерденқызының айтуынша, сәукелені 18 жасында тіккен екен. 


Лейла Рахымжанова © facebook.com/leila.rakhimjanova

Сондай-ақ, жазбаға пікір қалдырушылардың біріне еңбегінің қалай бағаланғанын айтқан. 

"Сұлтанахмет Қожықовпен жақсы араласқанымыз соншалық, Гүлфайрус Ысмайылованың көмекшісі болуды ұсынды. Бірнеше ай тегін жұмыс істеп жүрдім, сосын маған айлық тағайындады. Сондықтан еңбегім бағаланды деп есептеймін!", - дейді сәулетші. 


© facebook.com/leila.rakhimjanova

Сәулетшінің айтуынша, фильмдегі сәукеле этнографиялық туынды емес. 

"Бұл - суретші Гүлфайрус Ысмайылованың авторлық туындысы. Себебі фильм ертегі секілді жасалды, әйтпесе оны өткізбей қоятын еді. Ол кездері ақсүйек-көшпенділердің өмірін көрсетуге болмайтын", - дейді Лейла Рахымжанова.   


Қыз Жібек костюмінің эскизі © facebook.com/leila.rakhimjanova

Сонымен қатар, жазба авторы сәукеленің қайда жатқаны туралы сұраққа жауап берген. 

"Бірнеше жыл бұрын бізді "Қыз Жібек" фильмі жайлы әңгімелесуге телеарнаға шақырған. Меруерт сәукелені киіп келді (қайдан алғанын білмедім). Сәукеленің қақ ортасында үлкен тас болғанын айттым. Меруерт те хабардар болған. Біреу ол тасты үзіп алған, менің ойымша ол жасанды тас болуы керек. Біз мұның дұрыс емес екенін, костюмдер музейде тұруы керек екенін айттық", - дейді Лейла Рахымжанова.


© facebook.com/leila.rakhimjanova

Қыз Жібек - қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. "Қыз Жібек" жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарға жас үйіртпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіші.


© kk.wikipedia.org

Айта кетейік, Қыз Жібек - толық метраж екі бөлімнен құралған көркем фильм. 1970 жылы "Қазақфильм" студиясы шығарған. Режиссері - Сұлтанахмет Қожықов. Басты рөлдерде Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов ойнаған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети