Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 февраля 2020 13:19

"Мына сұлулардың арасында маған не бар?". Меруерт Өтекешова "Қыз Жібек" фильмінің басты рөліне қалай келді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oner.kz © oner.kz

Бүгін театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешованың туған күні. Өнер иесі 1951 жылы 25 ақпанда Оралда туған. Актрисаның сұлулығына тәнті болған халық оны "Қыз Жібек" деп таниды. Tengrinews.kz тілшісі актрисаның шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды.


Бүгін театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешованың туған күні. Өнер иесі 1951 жылы 25 ақпанда Оралда туған. Актрисаның сұлулығына тәнті болған халық оны "Қыз Жібек" деп таниды. Tengrinews.kz тілшісі актрисаның шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды.

Меруерт Өтекешова 1970 жылдан бастап көптеген рөлде ойнап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Актриса Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында Әуезовтің "Қарагөзінде" басты рөлде, "Еңлік-Кебектегі" Еңліктің рөлінде, Тахауи Ахтановтың "Жоғалған досындағы" Ғайнидің рөлінде, Дулат Исабековтің "Әпке" шығармасында Гауһар рөлінде, Әлжаппар Әбішевтің "Кәусарында" Кәусардың рөлінде, Нәбиден Әбутәлиевтің "Өттің, дүниесінде" Ханшаның рөлінде, Асқар Сүлейменовтің "Жетінші палатасында" медбикенің рөлінде, Ғабит Мүсіреповтің "Амангелдісінде" Банудың рөлінде, Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббатында" Бәтестің анасының және басқа да рөлдерде ойнаған. 

Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова

Көпбалалы отбасында өскен актриса "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында өнерге бала күнінен құштар болғанын айтқан. 

"Опера және балет театрының қойылымдарынан қалмайтынмын. Ол кездері құрбыларымның көбі ондай жерлерге бара бермейтін. Джаз музыкасын сүйіп тыңдадым. Кино мен театрды да жақсы көрдім", - дейді актриса. 

Бүгінде "Қыз Жібек" фильмін білмейтін жан жоқ. Қазақ елі алыс-жақын шет елдерге осы фильм арқылы таныстырылды. Фильмде басты рөлде ойнаған актриса бұл киноға ойда жоқта келген екен. 

"1967 жылдың соңында Сұлтан Қожықов есімді режиссердің романти­калық драманы түсіргелі жатқанын дүйім жұртшылық болып естідік. Шыны керек, бұл киноға түсуге ойда жоқта келдім десем болады. Ол кезде мектепте оқимын, актриса атанамын деген ой мүлдем болған жоқ. Іріктеудің өтіп жатқанынан хабардар болып, барсам, толған қыздар. Әрі бәрі де әдемі. Әрқайсысы өз-өзіне сенімді. "Мәссаған, мына сұлулардың арасында маған не бар?" деп ойлап қоямын", - дейді өнер иесі. 

Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?

Актрисаның айтуынша, іріктеуге келген қыздардың бірен-саранын есептемегенде, көпшілігі екінші кезеңге де өтпеген.

"Кейін режиссерден білгенімдей, келген 400-ге жуық қыздың жүзі көрікті болғанымен, жүректерінде өнерге деген сүйіспеншілік аз екен. Оның үстіне, тапсырылған рөлді өз деңгейінде ойнап шығуға біразының қабілет-қарымы жетпеген деседі. Содан болар, шығармашылық топтағы өнер иелерінің көпшілігі менің қабылданғанымды қалап, сабақты ине сәтімен демекші, көп ұзамай Жібектің рөліне бекітілдім", - дейді Меруерт Өтекешова. 

Меруерт Өтекешованың сөзінше, алғашында көркемдік кеңес актриса жас деп екіұдай ойда болған көрінеді. 

"Ал Сұлтан Қожықов ағамыз жас болсам да маған сенді. Бұл сенімнің астарын мен кейіннен түсіндім. "Қыз Жібек пен Төлегенді тәжірибелі актерлерден гөрі жас, көздерінде ұшқын оты жалындаған жастар ойнауы керек" деген Сұлтан ағамыздың сөзі есімде. Артылған сенімнің жүгі ауыр, әлбетте. Сондықтан кино барысында бар қарым-қабілетімізді көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөлендік.

Мен үшін қазақтың біртуар өнер иелері Фарида Шәріпова, Сәбира Майқанова, Әнуар Молдабеков, Кәукен Кенжетаев, Асанәлі Әшімов, Ыдырыс Ноғайбаевтармен бірге өнер көрсету алғашқы қадамыма үлкен серпін берді. Гүлфайруз Исмаилова апамыздың көмегін айта кеткім келеді. Өзі Жібектің анасын ойнай жүре, картинаның суретшісі болды. Осылайша өнер жолымды үлкен картинадан бастағаныма өзімді бақытты сезіндім", - дейді актриса "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында. 

Мүсірепов Қыз Жібек рөліне неге басқа актрисаны таңдағысы келген? Тест

Оқи отырыңыз:

"Голливудтың қай жұлдызымен билеген?". Шәкен Айманов туралы тест

"Менің достарым жоқ". Мұқағали Мақатаев неге өзін жалғыз сезінген?

"Бұзақылар пышақтап кеткен" - "Менің атым Қожа" фильміндегі Рахманов ағайдың өмірі мен шығармашылығы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети