Еліміз үшін улкен саяси жаңалық болған праймериз күтілген нәтижені толықтай берді деп ойлаймын. Праймериздің арқасында партияның құрамы жаңарып, қайта жанданды. Жастар мен әйелдерге квота беріліп, саяси өмірге жол ашты. Елдегі өзекті мәселелер қаралып, сол мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.
Елбасының басшылығымен Нұр-Отан партиясы халықтың көңілінен шығып, сеніміне ие болып келе жатыр, партияның алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілеймін.
Праймериз, яғни партияішілік сайлауды елімізде жақсылап қолға алу керек деп ойлаймын, бірінші рет өткеніне қарамастан жақсы деңгейде өтіп, маңыздылығын көрсете алды.
Праймериз еліміздің саяси өміріндегі бір өзгеріс болғаны рас, бірақ ол өзгеріс сәтті шықты, праймериздің арқасында қаншама білімді жастар мен іскер әйелдерге керемет қолдау білдіріп, олардың саяси өмірге араласуына ықпал етті.
Партия Праймериз өткізу арқылы қайта жанданып құрамын толықтай жаңартты. Енді алдағы сайлауда жақсы нәтиже көрсетеді деген ойдамын. Барлық кандидаттар лайықты таңдалған, мақсаты айқын, алған бағыттары маңызды.