Көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігін ескеріп, оларды облыстық сайлауалды бағдарламаға міндетті түрде қосу қажеттігі жайында пікіріңізді құптаймыз.
Іссапар барысында Торғай боксит кен басқармасының жабылуы жоспарлануына байланысты 500-дей адамды жұмыспен қамту қажеттігі айтылды. Жаңа жұмыс орындарын ашу партияның сайлауалды бағдарламасындағы бірінші мәселе, сондықтан шешімін тауып қалар деген үміттемін.
Біржолғы материалдық көмек болса да пандемия кезінде табысынан айрылған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таптырмас көмек деп ойлаймын. Біргеміз қоры енді Елбасының тапсырмасын орындап 100мың отбасыны осы белгіленген ақшамен қамтамасыз етеді деп сенемін.
Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қаражат қордың шотына түсіпті, енді көмекті беруді тез арада бастайды деп ойлаймын. Елбасыға рахмет айтамыз, халқына демеу болып отырғаны үшін, нағыз халықтың жанашыры екені анық.