Өзінің сайлауалды уәделерін іске асыру шеңберінде билеуші партия мемлекеттік тілдің барлық салада қолданылуын одан әрі кеңейтуге, қазақ тілінде оқытатын мектептер мен балабақшаларды ұлғайтуға, сондай-ақ дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетуді жалғастыруға ниеттеніп отырғаны қандай жақсы.
Пандемия бүкіл әлемге өз зардабын тигізіп жатқаны рас, бірақ біздің елде мемлекет тарапынан кіші және орта бизнесті барынша қолдап келе жатыр, ал салықтық амнистияға келсек артықтау болып кететін сияқты.