Көзбояушылық қашан тоқтайды. Өз-өзін жарнамалау. Бір ай Бьұрын ұйымдастырылатын жұмыс. Қалық итшілеп емделгені емделіп шығып жатыр. Қаншама достарым қайтыс болды. ОМЦ қабылдамады, қалалық аурухана қолдарынан келгенше әрекет жасады. Адамдардың көбі үйлерінде емделді. Соның біреуімін.
Кім айтып отыр. Бізде көпшіліктің көзқарасы осылай. Әркім өзбасын, өз отбасын ойлайды. Ауызбіршілік жетпейді. Депутаттардың да жандары ашып шырылдағаны шамалы. Әрине бұл кісіге рақмет. Үнсіз отырған жоқ. Ал, әшейінде мақтанудан алдына жан салмайтын мықты сымақтар қайда? Өз бастарын күйттеп індеріне кіріп кетті. Қырғыздың қаршадай қызы адам өмірі үшін шырылдап жүр. Өзін кінәлап жылап отыр. Осындай жастар көп болса екен. Қоғамның көзқарасы өзгерсе екен. Бақыт деген жабысып қалған креслоң да емес, жеке басыңның бақытты болғаның ғмес. Ел болмаса бір өзің не істейсің. Дұрыс адам елмен бірге болуды ойлау керек. Әй қайдам?
Неге жасырады? Қазақстанда ковид аз, онымен күрес тиімді жүргізілуде деген жалған ақпарат керек па? Бүкіл әлемге оның не керегі бар. Мұндай бір мезгілде мыңдаған адамның пневманиямен ауырғанын көрген емеспін. Жаз мезгілінде жаппай салқын тиіп адамдар ауруы мүмкін емес. Әрине, ковидтің мутацияға түскен түрі сияқты. Қаншама таныстарымыз, біреу жүректен, енді бірі қант диабетінен, т.б. түрлі науқастары аяқастынан сыр беріп қайтыс болды. Қалықты той тойлап кетті деп кінәлаудың қажеті жоқ. Жұғу жылдамдығы өте жоғары болды. Ауа арқылы тарағанға ұқсайды. Себебін ешкім білмей де, түсінбей де қалды.