Биліктегілер, енді не қарап отырсыңдар, барлық қалаларға блок постар қойып карантинге жабу керек. Авиакомпаниялардың мүддесін қорғауды қойып Халықаралық авиарейстерді жабың, бәленің бәрі шетелден келіп жатыр, шекараны да жапқан жөн. Мына індеттен құтылудың басқа жолын көріп отырған жоқпын.
Латынға көшу дұрыс емес екенін түсінбейтін Үкіметтегілерге таңым бар. Бұл деген кемінде 50 жылға кейін кету. Осыған жұмсалатын қаржыны неге мұқтаж жандардың қажетіне жаратпайды?! Әлде жалған патриот сымақтардың басқа ойы барма?
Жалпы бұл тақырыпты біржола жауып, адамдардың басын қатырмаған жөн сияқты.
Латын алфавитін енгізу кемінде 50 жылға артқа кету екенін министрліктегілер неге түсінбейді екен. Оданда білім сапасын қалай арттыруға болады, соны ойламайсыңдарма.
Жоғары оқу орындарының 90 пайызын жабу керек. Себебі , олар оқу орнын бизнеске айналдырған.Студенттерге дұрыс білім бермейді. Сол себепті жастарымыздың көбі шетелде оқуда. Білім министрлігінің бұл бастамасын мен қолдаймын, тек аяқсыз қалмасын. Министр мырза, осы жоғары оқу орындарына лицензия берген, оларды бақылайтын қызметкерлеріңізді министрліктен қуу керек. Сонда мүмкін бұл салады тәртіп орнауы мүмкін.
Ақтауда, Мұнайлыда жұма күнінен бастап былай айтқанда барлық тойхана, мейрамхана, кафелерде той- садақалар болып жатыр.Қонақтар ол жерлерге тығылып кіреді. Тіпті шағынаудандарда үйдің алдына үлкен ағаш үй құрып қойып той- садақа жасап жатыр. Не осының бәрін көріп отырып билік неге шара қолданбайды? Егер дәл осылай жалғаса берсе арты жақсылыққа апармайды.