Тіл- ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрппаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан әр ұлттың тілі бар. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтау керек.
Жалпы Қазақстанда тұратын әрбір азамат пен азаматша ұлтына қарамастан қазақ тілін жетік меңгергені дұрыс болар еді. Бұл елдің мемлекеттік тілі, сондықтан үлкен сыйластықпен қарап, үйренген абзал бәріне.
Мемлекетіміз шынымен жастарға жол ашып, барынша қолдап жатқанын көрмеу мүмкін емес. Тіпті жастар жылында ұйымдастырған болатын. Ел басқаруға да жастарды араластырып жаұсы мүмкіндіктер туғызып жатыр.
Дұрыс айтасыз, баланың өз тілін жетік меңгеруіне ата-ананың үлесі зор болады. Күнделікті өмірде, үйде ана тілінде сөйлесең бала тез қағып алып, қазақ тілінде сайрайтын болады.
Қазақ тілінде оқулықтар әр салалар бойынша көбейсе шынымен жақсы болар еді. Түсінікті әрі қол жетімді түрде жазылған, сапалы және ең бастысы қазақ тілінде болғанын қалар едім.