Сейчас состояние населения не очень. Не стоит останавливать работу крупногабаритных продовольственных торговых центров, чтобы благополучно пережить эту эпидемию.
Алтын Орда еліміздегі үлкен сауда орталығының бірі. Егер сол сауда орталықтарын жауып тастаса халық ішінде дүрбелең туып және азық-түліктің бағасына кері әсерін тигізер еді.
Бірнеше шет тілін жетік меңгерген, ғылыми потенциалы терең, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, жан-жақты білімді, рухы биік азамат Рустам Әлидің облыс әкімі орынбасары болып тағайындалуына ризамыз. Өйткені, Рустам Әлиұлы өзінің еңбек жолында журналист, оқытушы, жастар ісі орталығының директоры, Жастар саясаты басқармасының басшысы, Ішкі саясат басқармасының басшысы сияқты қызметтерді абыроймен, зор жетістікпен басқарғанын барша ел біледі. Оның заманауи ойы, креативті көзқарасы, болмысы бөлек жаңашылдығы тек өзінің ортасын ғана емес, күллі Жетісу жастарына үлгі, өнеге болды. Ол - жастар саясатының көшбасшысы ретінде ерте танылған азамат. Сондықтан Рустам Әлиұлындай іскер, перспективасы бар жас азаматты облыс әкімі Амандық Баталов мырза өзіне лайықты орынбасар ретінде таңдаған. Бұл шешімді қолдаған Президент әкімшілігі де Рустам Әлидің қабілет-қарымына сенген. Бір сөзбен айтсақ, бұл жас азаматқа берілген мемлекеттік үлкен аванс. Оның жаңа қызметіне тек сәттілік тілейміз!