Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 ноября 2020 13:37

Түркиядағы жойқын зілзала: қаза тапқандар саны артып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

30 қазанда Түркияда 6.6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр - Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 76 адам қаза тапқан. Көптеген адам баспанасыз қалған. Tengrinews.kz тілшісі Түркиядағы жер сілкінісі мен бұған дейін болған зілзалалар туралы материал дайындады. 


30 қазанда Түркияда 6.6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр - Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 76 адам қаза тапқан. Көптеген адам баспанасыз қалған. Tengrinews.kz тілшісі Түркиядағы жер сілкінісі мен бұған дейін болған зілзалалар туралы материал дайындады. 

Үйінді астында 10 сағат жатқан әйел

Жер сілкінісі салдарынан Измирдегі 20-дан аса ғимарат зардап шеккен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

31 қазанда үйінді астында қалып қойған Бусе Хасылмаз есімді әйел құтқарушыларға хабарласып, іздеудің ерекше жолын көрсеткен. Ол өзін итпен іздеуді сұраған, ал құтқарушылардың іздеу жұмысын жеңілдету үшін мысық секілді мияулайтынын айтқан.

"Иттерді жіберіңіздер, олар мені тез тауып алуы үшін мияулаймын", - деді ол.

Оқиға орнына ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемерли келіп, жәбірленушіден құтқарушылардың иттері оның даусын естігенге дейін сабыр сақтап, тынышталуын сұраған. Шенеунік құтқарушылар жәбірлденушіні тапқанға дейін әйел адаммен телефон арқылы сөйлесіп тұрған.

Нәтижесінде үйінді астында он сағаттан аса уақыт бойы жатқан әйел құтқарылды

Сонымен қатар, "Анадолу" агенттігінің мәліметінше, бүгін 33 сағат бойы үйінді астында жатқан ер адам құтқарылды. Агенттік арнайы құтқару операциясының видеосын жариялады. Онда құтқарушылардың үйінді астынан зардап шеккен ер адамды алып шыққаны көрінеді.

Түркиядағы RUSDER достық және ынтымақтастық қауымдастығының басшысы Анна Атик РИА Новостиге жер сілкінісінен кейін баспанасына айтарлықтай зиян келтгенін айтқан.

"Мұның бәрі біздің басымыздан өткеніне сене алар емеспіз. Біздің үй аман қалса да кәдімгідей зиян келген, үйден тек маңызды құжаттарды алып шығуға рұқсат етілді. Жаңа баспана іздеуге тура келді. Жалпы бір минут ішінде өміріміз түбегейлі өзгеріп кетті", - дейді Анна Атик.

Оның айтуынша, қала тұрғындары қорқып қалған.

"Жерасты дүмпулер әлі сезіледі. Жаңа тағы да сездік. Қорқынышты", - дейді ол.

Айта кетейік, 30 қазанда болған жер сілкінісі Шығыс Жерорта теңізіндегі грекия аралдарын да қамтыған. Афина университетінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 6.8 балл болған. Табиғи апат Самос аралының маңында болған. Жер сілкінісінің ошағы Самостың солтүстік-батысынан 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте болды.

Сауда деректерінің мәліметінше, Измирдегі жер сілкінісі туралы хабар тарағаннан кейін түрік лирасы долларға қарсы тарихи минимумды жаңартқан.

Түркия тарихындағы ірі жер сілкіністері

"Анадолы" агенттігінің мәліметі бойынша, Түркияда 1900-2017 жылдар аралығында 210 жер сілкінісі болып, жалпы 86 802 адам қаза тапқан, 597 мыңнан аса үй қираған. 

1939 жылдың 27 желтоқсанында Эрзинджанда 7.9 балдық жер сілкінісі болды. Бұл табиғи апат XX ғасырдағы ең ірі жер сілкіністерінің қатарына кірген. Қаладағы жер сілкінісі салдарынан 32 962 адам қаза тауып, 117 мыңға жуық ғимарат қираған.

Мармар ауданындағы Измит қаласында 21 жыл бұрын жойқын жер сілкінісі болған. Ресми мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 17 217 адам қаза тапқан. Сонымен қатар, 44 мыңға жуық адам зардап шегіп, 600 мыңнан аса адам баспанасыз қалған. Келген шығын мөлшері 5-7 миллиард доллар деп бағаланған.

Жер сілкінісі Туркия экономикасына айтарлықтай зиян келтірген. 120 мыңға жуық ғимарат қалпына келтіруге жарамай, 50 мыңына зақым келтірілген. Одан бөлек, жергілікті мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, ол бірнеше күн бойы сөндірілген. Измиттегі жер сілкінісі кезінде Түркияға 13 ел көмектескен. Олар дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізіп, арнайы мамандарын жіберген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети