Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 марта 2019 20:42

Елордадағы апат: 30-ға жуық адамды автобустан шығарған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жантүршігерлік жол апаты болды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Салдарынан 53 жастағы жүргізуші мен 26 жастағы қыз қаза тапты. 36 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта № 2 қалалық көпсалалы ауруханада 13 науқас жатыр, төртеуінің жағдайы ауыр (жансақтау бөлімінде), қалған тоғыз науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас қазір № 1 қалалық ауруханада жатыр. Жағдайы - орташа ауыр.  


26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жантүршігерлік жол апаты болды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Салдарынан 53 жастағы жүргізуші мен 26 жастағы қыз қаза тапты. 36 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта № 2 қалалық көпсалалы ауруханада 13 науқас жатыр, төртеуінің жағдайы ауыр (жансақтау бөлімінде), қалған тоғыз науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас қазір № 1 қалалық ауруханада жатыр. Жағдайы - орташа ауыр.  

Сол күні 30-ға жуық адамды автобустан шығарған жігіт бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Оқиға орнында болған кейіпкерлер бағдарлама қонағы болды. Қала автокөліктері жайлы "Астана ЛРТ" ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жалбыр жағдайды баяндады. 

"Жол апаты бәрімізге тиесілі. Біз LRT болғанымен әкімдік қарамағындағы компания болып құрылдық. Бұл компания негізі қаланың көлік инфрақұрылымының басқаруымен айналысатын компания. Бірден-бір бағыты сол автобустарды қадағалап, диспетчерлер жұмысын жүргізу. Осы зияткерлік көлік жүйесінің ары қарай дамуына үлес қосу және осы мамандардың білігін арттыру. Қаламызда сегіз автобус паркі бар. Олар қазір тасымалдаушылар ретінде қаламызға қызмет көрсетіп жүр. Бұл автобустар "Астана LRT" қарамағында болған күннің өзінде парктің пайдалануында болып тұрады. Негізінде бірінші автобус паркі ғана тікелей әкімдікке қарайды, ал қалғаны жекеменшік", - дейді Жеңіс Жалбыр.

Сондай-ақ, апат болған жерде қарама-қарсы бағытта келе жатқан № 303 автобустың жүргізушісі Әлібек Бақдəулет өз көзімен көрген жайтты баяндап берді. Ол оқиға орнында 30 адамға көмек берген. Автобус жүргізушісі өзінің бір күндік жұмыс кестесін де баяндап берді. Және де басшылық тарапынан жүргізушілерге күнделікті тексеріс болатынын айтты. 

"Жолдың қарсы бетінде автобус келе жатқанын көрдім. Алдында тұрған автобусты соқты, соның салдарынан бірнеше көлік бір-біріне соқтығысты. Автобус жүргізушісінің рөлде қалай отырғанын анық көре алмадым. Нақты қандай жылдамдықпен соққанын да білмеймін. Сол сәтте автобусты шетке қойып, өз салонымдағы жігіттерге апаттан зардап шеккендерге көмектесейік деп шақырдым. Қасыма үш жолаушы жігіт шықты. Техника қауіпсіздігі бойынша мұндай жағдайларда бірден токты өшіру керек, мен массаны ағыту үшін жүргізуші отырған жаққа қарай жүгірдім. Барсам, алдыңғы бөлік мүлде жарамсыз болып қалған. Қасымдағы жігіттермен бірге есікті аштық. Көмек сұрап, құтқаруын өтінген жұрт айғайлап жатыр. Барлығы жерде жатыр. Еденнің барлығы қан. Жігіттерге шапшаң қозғалу керектігін айтып, автобус өртенуі мүмкін екенін ескерттім. Адамдарды көтеріп алып шықтық. 10-15 метр жерге барлық адамды алып шықтық. Кейбіреулер өздігінен шықты. Жүргізушінің артындағы орында бір-екі кісі қысылып қалған екен, тартқыладық, бірақ шығара алмадық. Екі кісі сол күйде қалды. Жедел жәрдем тез келді, сол жерден өтіп бара жатқан жүргізушілер көліктерінен түсіп, көмекке келді. Қолымыздан келгенді атқарған соң, өз жұмысыма қайта кірістім. Басшылығыма болған жағдай туралы қоңырау шалып, ескерттім", - дейді Бақдәулет Әлібек.

"Астана ЛРТ" ЖШС көлік мамандарының білігін арттыру орталығының директоры кондукторлар ешқайда кетпегенін, олардың орнына бақылаушылар келгенін мәлімдеді. 

"Кондукторлар жұмыстан шығарылды дейміз, бірақ біз оларды бақылау қызметіне қостық. Ол тек кондуктор емес, ендігіде ол жолаушылардың жолақысын төлеген-төлемегенін бақылап жүретін, айыппұл салатын және тәртіп сақталуын қадағалайтын адам", - деді орталық директоры.

"Барлық негатив жүргізуші мен кондукторға келіп жатыр. Жолаушылардың барлығы ашумен жүреді, барлығы да жүргізуші мен бақылаушыға өшігіп алған. Бар ызасын сол кісілерден алады. Кондуктор мен жүргізуші дәлі сіз секілді адам, ол да пенде", - дейді автобус жүргізушісі. 

"Үш қоңыр" Сапаржай ЖШС бастығының орынбасары Медет Таухан бұл тек қала ішіндегі автобустарға емес, халықаралық және қалааралық жолаушылар тасымалдаудағы күрделі мәселе екенін айтты. 

"Негізі бұл мәселе тек қаладағы жолаушыларды тасымалдауда кездесетін мәселе емес. Халықаралық және қалааралық қатынас жолдары кезінде де кездеседі. Мысалы бірнеше жыл бұрын Шымкенттен заңсыз шыққан көлікті Ресейдің Владимирск қаласында пойыз соқты. Былтыр Ақтөбеде 52 адам өртеніп кетті. Осы жол-көлік оқиғаларын зерттеу кезінде біз көбіне жай ғана адам факторы себебінен жол апаты жиі болатынын анықтадық. Көбіне автобус иелері жеке кәсіпкерлер жеңіл жол іздеп, қағаз бойынша экскурсиялық автобус ретінде тіркеп, қалааралық жолдарға тұрақты түрде шығады. Мысалы Шымкенттен Алматыға күніне 100-ге жуық автобус келеді, оның әрқайсында 50 адамнан. Ең бастысы құжат рәсімдеу кезіндегі олқылықтар, оларды ешкім де тексермейді", - дейді Медет Таухан.

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандарға қатысты жаңа деректер шықты

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан зардап шеккен әйел аяғынан айырылды

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети