Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 мая 2020 14:27

"Жақын маңда COVID-19 жұқтырған адам бар-жоғын тексереді". Коронавирусқа қатысты қандай қосымшалар шықты?  

ПОДЕЛИТЬСЯ

© picture-alliance/Sven Sivon © picture-alliance/Sven Sivon

Коронавирус пандемиясына қарсы бүгінде түрлі қосымша шығып жатыр. Бірі коронавирусты дауыс арқылы анықтаса, тағы бірі жақын маңда COVID-19 жұқтырған адамның бар-жоғын тексереді. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты жасалған қосымшалар туралы баяндайды.


Коронавирус пандемиясына қарсы бүгінде түрлі қосымша шығып жатыр. Бірі коронавирусты дауыс арқылы анықтаса, тағы бірі жақын маңда COVID-19 жұқтырған адамның бар-жоғын тексереді. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты жасалған қосымшалар туралы баяндайды.

Вирус жұқтырғандардың кіммен байланысқанын бақылайтын қосымша

Cnet мәліметі бойынша, таяуда Apple мен Google компаниялары COVID-19-ға қатысты қосымша шығарған. Оның функциясы - коронавирус жұқтырғандардың телефонында нөмірлер кітапшасында сақталған адамдарды бақылап отыру.

Жаңа қосымша қолданушының ықтимал контактілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе вирус жұқтырған адамдарды іздеуді жеңілдетеді деген болжам бар. Себебі көп науқастың ауру белгілері жоқ, сондықтан олар вирус жұқтырғанын білмеуі де мүмкін.

Бұл қосымша денсаулық сақтау жүйесіне көмектеседі деген болжам айтылған. Бірақ қолданушылар осы қосымшадан соң жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне алаңдап отыр.

Қазақстанда да COVID-19-ға қатысты қосымша жасалды

Қазақстанда да коронавирусқа байланысты қосымша жасалған. Тегін сервис VLIFE жобасының бағдарламашыларымен Алматы әкімдігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, "Медикер Алатау" медициналық компаниясының қолдауымен құрылған.

Covid19live жобасы Қазақстанда коронавирустың таралуын нақты уақыт режимінде бақылауға, ал ең бастысы - жұқтыру немесе жұқтырғандармен байланыс туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Сервис қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Қосымшадан Қазақстан бойынша коронавирустың онлайн-картасы, вирус туралы өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттарды оқуға болады.

Қосымшада "Мен вирус жұқтырдым", "Вирус жұқтырғандармен байланыста болдым" деген функциялар арқылы өзіңіз туралы ақпарат бере аласыз. Бұл мәліметтер құпия күйінде сақталады, оны тек денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері ғана көреді.

© pixabay.com 

Жақын маңда коронавирус жұқтырған адам бар екенін ескертеді

Business Insider мәліметі бойынша, еуропалық ғалымдар смартфонға арналған қосымша жасаған. Ол жақын маңда коронавирус жұқтырған адам бар екенін ескертеді.

Қосымшаны жасаушылар сегіз елдің 130 зерттеуін біріктірген.

"Мақсатымыз - COVID-19-бен ғаламдық күресте цифрлық компоненттердің негізіг қалау", - дейді Германия үкіметіне қарасты цирфлық кеңестің мүшесі Ханс-Кристиан Боос.

Дәрігерлер қосымша серверіне вирус жұқтырғандар туралы мәлімет жариялай алады. Ол Bluetooth арқылы жұмыс істейді. Қосымшаға кірсеңіз, сіз тұрған жерден 2 метр қашықтықта вирус жұқтырған адамның бар-жоғын тексере аласыз. COVID-19 жұқтырған адамдар ол жерден кетіп қалса да, қосымша 15 минут бойы оның сонда болғанын көрсетіп тұрады. Яғни, қосымшаны қолданушы вирус жұқтырудан сақтана алады.

Қосымша жасаушылар бәрі ерікті және жасырын түрде болатынын айтады.

Жүрек соғысының жиілігін тексеретін қосымша

Роберт Кох институтының (RKI) жетекшісі Лотар Вилер Corona-Datenspende жаңа мобиль қосымша ұсынды. Ол коронавирустың таралуы туралы мәліметтерді жинауға арналған. Оны толығымен ерікті түрде және бүркеншік атпен қолдануға болады. Қосымша смартфондарда, "ақылды сағаттарда" және фитнес білезіктерде жұмыс істейді.

Қосымшаға тіркелу кезінде қолданушы жынысын, жасын, бойы мен салмағын жазуы қажет.

RKI хабарлауынша, зерттеушілерді қолданушылардың тынығу кезіндегі жүрек соғысының жиілігі, сондай-ақ, олардың ұйықтау және ояу кезеңдері туралы мәліметті білу қажет.

"Тыныс алу жолдары қатты ауырған кезде бұл өмірлік маңызды белгілер көп жағдайда өзгереді. Сонымен қатар, қосымша дене қызуы сияқты COVID-19-бен байланысты белгілерді білуге ​​мүмкіндік береді", - деп атап өтті Роберт Кох институтында.

RKI сарапшысы Дирк Брокманнның айтуынша, егер оларда 10 мың қолданушының мәліметі болса, қосымшаны табысты деп санауға болады.

Дауыс арқылы COVID-19 бар-жоғын тексеретін қосымша

Карнеги-Меллон университетінің зерттеушілері коронавирусты дауыс арқылы анықтауға болатын бағдарлама ойлап тапқан. Тесттен өту үшін оны смартфонға немесе микрофон жалғанған компьютерге жүктеу қажет. Жазба кезінде жөтеліп, әліпби оқып, бірнеше дауысты дыбысты айту керек. Бағдарлама аудиожазбаларды талдағаннан кейін, қолданушының COVID-19 жұқтыруы ықтималдығын көрсетеді.

Зерттеушілердің айтуынша, коронавирус өкпеге қатты әсер етеді, сондықтан ол науқастың дауысынан білінеді. COVID-19 жұқтырғандардың, сондай-ақ, басқа да вирус инфекцияларымен ауыратындар мен дені сау адамдардың аудиожазбаларын жинағаннан кейін зерттеушілер оларды арнайы алгоритмге үйреткен. Бұл бағдарламаның негізі атанды.

Futurism мәліметінше, қазіргі уақытта кез келген адам қосымшаны жүктеп, оны қолдана алады. Алайда авторлар бағдарламаның әлі әзірленіп жатқанын ескертеді. Сондықтан оны диагностикалық құрал ретінде қолдана алмайсыз.

Алдағы уақытта авторлар аудиожазбалардың үлкен кітапханасын жинап, алгоритмді дәлірек қылмақ. Алайда олар бұл қосымшаның коронавирус тесті секілді дәл бола алмайтынын мәлімдеді. Дегенмен, олардың пікірінше, мұндай тесттердің жетіспеушілігі жағдайында технологияны уақытша шара ретінде қолдануға болады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети