Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 июля 2019 18:25

Маман смартфонды қалай қауіпсіз қуаттандыру керек екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін шымкенттік 23 жастағы жігіт телефонын қуаттандырып жатқанда токқа түсіп, қаза тапқаны хабарланды. Оқыс оқиға 15 шілдеде болған. "Шымкентте Еңбекші ауданының Сайрам ауылынан 02:30-да хабар түсті. Абдуллабад көшесіндегі тұрғын үйде 1996 жылы туған азамат бөлмеде телефонын қуаттандырып жатқан кезінде токқа түсіп, оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.


Бүгін шымкенттік 23 жастағы жігіт телефонын қуаттандырып жатқанда токқа түсіп, қаза тапқаны хабарланды. Оқыс оқиға 15 шілдеде болған. "Шымкентте Еңбекші ауданының Сайрам ауылынан 02:30-да хабар түсті. Абдуллабад көшесіндегі тұрғын үйде 1996 жылы туған азамат бөлмеде телефонын қуаттандырып жатқан кезінде токқа түсіп, оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Электр энергиясын тарататын компанияның өкілі Ерлан Саухимбаев Тengrinews.kz тілшісіне телефонды қуаттандыру кезіндегі қауіпсіздіктер туралы айтып берді.

Смартфонды түнімен қуаттандыру өте қауіпті

Маманның айтуынша, Шымкенттегі қайғылы оқиғаның себебі көп болуы мүмкін.

"Бұл жерде неше түрлі фактор бар. Телефонның зарядтау құрылғысы Қытайда жасалған сапасыз болуы ықтимал, сыртқы беті немесе чехолы темірден болуы мүмкін. Телефонның өзі әу баста стандарттаудан өтпеген болуы да ғажап емес, - дейді ол. - Бұл жерде телефонға да қарау қажет. Егер ол жаңа телефон болса, қауіпті ештеңе бола қоймас еді. Ал ол жақында жөндеуден шықса немесе бір жері бұзылып тұрса, телефонның аккумуляторы қыза бастайды. Сол кезде ток немесе өрт қаупі бар".

Қауіпсіздік техникасы бойынша, телефонды қажетті деңгейге дейін қуаттап болғаннан кейін оның сымын алып тастау керек екен.

"Бізде көп адам телефонды жатар алдында қуаттандырамын дейді де, ұйықтап қалады. Ал құрылғы түні бойы заряд құрылғысына қосулы тұрады. Бұл - өте қауіпті. Мысалы, аккумулятор не батареяда қанша уақыт заряд алатыны жазылып тұрады. Соған да қарау керек. Электрге қатысты әрекеттерге абай болу керек. Мысалы, қатты ысығаннан телефоныңыз не зарядтау құрылғысы өртенуі ықтимал", - дейді маман.

Арзан қуаттандырғыш сатып алуға болмайды

Ерлан Саухимбаев телефон құрылғысында вольт аз болатынын айтады.

"Телефонның зарядтау құрылғысында 12 вольтқа дейін қуат болады. Бұл негізі адамға қауіпсіз. Жалпы, 36 вольтқа дейін адамға қауіпсіз саналады. Тіпті, кейбір телефондардың зарядтау құрылғысында 3 вольт та болып жатады. Мұның бәрі негізі құрылғының бетінде жазылып тұрады. Қуаттандырғышқа салып қойып, телефонын ұстап отыратындар бар. Басты қауіп - осы. Қуаттандырғышта не телефон ішінде бір кінәрат болып қалса, ток ұру қаупі жоғары", - дейді ол.

Сондықтан маман телефон мен оның зарядтау құрылғысын ресми дүкендерден сатып алуға кеңес береді.

"Телефон мен оның зарядтау құрылғысын базардан арзанға сатып ала салу - қауіпті. Оның барлығы арнайы жерде стандарттаудан өтуі керек. Оның үстіне, бұл құрылғыларға ешкім кепілдік бермейді. Шынымды айтсам, мұндай оқиғаларды жиі естідім. Жақында бір танысым телефонын зарядтау құрылғысына қосып, қасында тұрған темір затты ұстап қалғанда ток ұрған. Жай ғана емес, айғайлап, ұстап тұрған темірді жібере алмай қалатындай деңгейде ұрған. Сөйтсек, телефонның зарядтау құрылғысы түпнұсқа емес, Қытайдан алынған арзан зат екен", - дейді Ерлан.

Оның сөзінше, зарядтау құрылғысы түпнұсқа болса, ол телефон қуаты толған соң автоматты түрде тоқтайды. Ал сапасы нашар, арзан қуаттандырғыштарда ондай шектеу жоқ, телефонды одан ағытпайынша заряд беруін тоқтатпайды.

Токқа түскен адамды қалай құтқару керек?

Маман адамды ток ұрып жатқанын көргенде не істеу керек екенін айтты.

"Адамды одан ажыратып алу керек немесе токты өшіру қажет. Онда да жалаң қолмен жүгіріп баруға болмайды. Қолға түсетін ең оңайы - ағаш немесе пластмассадан жасалған зат, резеңке қолғап. Осылар арқылы токты ағыту керек немесе адамды ток көзінен ажырату қажет", - дейді ол.

Әңгімесінің соңында Ерлан Саухимбаев смартфонды қалай зарядтау керек екенін айтты.

"Телефонды бір не екі сағаттан аса қуаттандыруға болмайды. Ұйықтар алдында түнімен зарядтау құрылғысына қосып жатуды доғару қажет. Сіз ұйықтап жатқанда бір нәрсе болса, қапыда қалып қоюыңыз мүмкін. Сонымен қатар, зарядтау құрылғысының сапасына да көңіл бөлген жоқ. Сапасы нашар құрылғылар ток ұру мен өртенуге әкеп соғады. Телефон не оның қуаттандырғышы ысып кетсе, дереу оны ағыта салған дұрыс. Егер осындай қарапайым ережелерді сақтап жүрсеңіз, телефон мен оның зарядынан қауіп төнбейді", - деді ол.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети