Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 февраля 2020 17:07

"14 300 теңге беріп, 114 мың теңге аласың". Заңгер алаяқтықтың жаңа түрін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы 3-4 күнде мессенджерлерде жаңа қаржы пирамидасының схемасы тарап жатыр. Ақша табудың жеңіл жолын іздеген қазақстандықтар жаппай 14 300 теңге аударып, екі күнде 114 000 теңге алғанын айтады. Прокуратураның мәліметінше, былтырдың өзінде қаржы пирамидасындағы алаяқтардың үстінен 40-қа жуық іс қозғалған. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі заңгер Данияр Түймебаевтан бұл қаржы пирамидасының қаншалықты қауіпті екенін және одан қалай сақтану керегін сұрап білді.


Соңғы 3-4 күнде мессенджерлерде жаңа қаржы пирамидасының схемасы тарап жатыр. Ақша табудың жеңіл жолын іздеген қазақстандықтар жаппай 14 300 теңге аударып, екі күнде 114 000 теңге алғанын айтады. Прокуратураның мәліметінше, былтырдың өзінде қаржы пирамидасындағы алаяқтардың үстінен 40-қа жуық іс қозғалған. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі заңгер Данияр Түймебаевтан бұл қаржы пирамидасының қаншалықты қауіпті екенін және одан қалай сақтану керегін сұрап білді.

Заңгердің айтуынша, дәл қазір қызу талқыланып жатқан "Котел" ойыны қазақстандықтарды алдаудың ең тез әрі оңай жолы. Бір жағынан оп-оңай көрініп, үйде отырып, 14 300 теңге төлесең болғаны деп ойлайды да ақшаны аударып, байып кетемін деп ойлайды дейді.

Заңгер кейбір қазақстандықтардың бұл ойынды күнде ойнап, күніне 100 мыңнан аса табыс көріп отырғанына сенімсіздік білдірді.

"Бұл пирамиданың басты шарты - бір адам 14 300 теңге аударады да, соңынан тағы екі адамды жазады да олар да бірден осы ақшаны төлеуі керек. Барлығы электрон түрде жүреді. Осылайша, астындағы адамдар 14 300 теңге аударғаннан бастапқыда ақша төлеген адам 114 000 теңге жинайды. Ең көп ақшаны схеманың басында тұрған адам алады. Пирамидаға кірушілердің саны азайған кезде, барлығының табысы жоққа шығады да тек пирамиданы бастаған 3-4 адам табысқа кенеледі", - дейді заңгер.

Түймебаев алаяқтардың азаматтардың қаржы сауатсыздығын өте жақсы пайдаланатынын айтады.

"Екі күнде 100 мың теңгеден аса ақшаға ие боламын деген қазақстандықтар хабарламаны таныстарына, туыстарына, достарына жіберіп, өзі қолына 100 мың алғанын айтып, көндіреді. Сөйтіп бұл желілік жүйе болады. Яғни басқа да қаржы пирамидалары сияқты. Бастапқыда осы желілік жүйеге қосылған адамдар ғана пайда көрер. Бірақ кейіннен қосылған адамдар, нақтырақ айтсақ, 10-12-адам қайтарымсыз ақша алады, ешқандай пайда көрмейді. Негізі қаржылық пирамидаларын ажырату өте қиын. Олар өздерін шынайы компания ретінде көрсетеді. Бірақ әдетте классикалық жоспармен жұмыс істейді, - дейді ол.


Хабарламалар сайтында жарияланған жазбалардың бірі.

Заңгер Қылмыстық кодекстің 218-бабы бойынша ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") заңбұзушылардың 3 жылға бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.

Ақшаны жеке аударым ретінде жасайтындықтан және онда бір топ адам өзара ақша аударатындықтан, ақшаны қайтарып алу мүмкін болмай жатады дейді заңгер. Себебі, бірінші кезекте, маманың айтуынша, адам ол ақшаны барлық "шартты" біліп тұрып, тез уақытта байып кетемін деп өз еркімен аударады. Сондықтан мұнда қылмыс құрамы болғанын дәлелдеу тәжірибеде өте аз кездеседі дейді.

Сондай-ақ, Түймебаев алаяқтарға ұрынғандардың көбі полицейлерге хабарламайтынын айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.57   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети