Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 августа 2018 11:30

140 балл алған Шиара Құдайбергенова қай мамандыққа түскенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шиара Құдайбергенова © "Казахстанская правда" газеті Шиара Құдайбергенова © "Казахстанская правда" газеті

ҰБТ-дан ең жоғарғы 140 балл алған алматылық түлек Шиара Құдайбергенова қай жоғары оқу орнына түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды. 


ҰБТ-дан ең жоғарғы 140 балл алған алматылық түлек Шиара Құдайбергенова қай жоғары оқу орнына түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды. 

Шиараның айтуынша, ол Алматы облысындағы Қаскелеңде орналасқан Сүлейман Демирел атындағы университетке түсті, бұл жоғары оқу орнында "Қаржы" мамандығы бойынша білім алады. 

"Мен негізі логист болғым келген, бірақ ол мамандық қазір электронды түрде дамып жатыр екен. Мен СДУ-да қаржы мамандығын таңдаған себебім, 4 жылда xалықаралық 14 сертификаттың 9-ын алып шығамын. Бұл сертификаттар басқа ЖОО-да берілмейді екен. Ал қаржыгерлерге бұл сертификат ауадай кажет", - деп түсіндірді ол өз таңдауын.

Еске салайық, Алматыдағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясының түлегі Шиара Құдайбергенова биылғы ҰБТ-дан 140 балл жинаған. Кейін ол тестілеуге қалай дайындалғанын айтып берген. Ал мектеп директорының айтуынша, Шиара ҰБТ-ға таңғы төрттен бастап дайындалған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.52   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети