Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 февраля 2020 13:10

15 балаға 159 мың теңге. Министр қызу талқыланған бастамаға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала саны жетіден асатын көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінің өсуіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала саны жетіден асатын көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінің өсуіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Продолжение

Осыған дейін ведомство басшысы биылдан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленетінін атап өтіп, ол бала санына қарай сараланған мөлшерде берілетінін жеткізген. Оның айтуынша, енді төрт балаға 42 500 теңгеден 7 және одан да көп бала үшін 74 400 теңге көлемінде жәрдемақы төленуі мүмкін.

Осы орайда министр бұл бастаманы депутаттар көтергенін тілге тиек етті.

"Бұл - депутаттардың ұсынысы. Осы жылдың қаңтарында олар өңірлерді аралады. Онда депутаттар халықпен кездесіп, осындай ұсынысты жасапты. Енді олар заң жобасын дайындауы мүмкін. Негізі елімізде заң жобасын үкімет дайындайды. Мәжіліс депутаттары үкіметпен келісіп, осы заң жобасын дайындау жобасын өз қарауына алды", - деді Біржан Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері министрге "15 балаға 159 мың теңге төленеді деген бастама халық арасында қызу талқыланып жатыр. Осыған қатысты пікір білдірсеңіз" деп сауал жолдады.

"Депутаттар баланың санына шектеу қоймауды ұсынып отыр. Мысалы, төрт балаға 42 500 теңгеден 7 және одан да көп бала үшін 74 400 теңгеге дейін сараланған мөлшерде жердемақы төлеуді жоспарлап отырмыз. Орта есеппен бір балаға 10 600 теңге шығып тұр. Мысалы, 8 балаға 85 мың теңге, 9 балаға 96 мың теңге, 10 бала 106 мың теңге шығады. Осылайша, баланың санына шектеу қойылмайды. Енді олар заң жобасын әзірлейді", - деді ведомство басшысы.

Осы орайда Біржан Нұрымбетов 15 баласы бар отбасыға 159 мың теңге көлемінде көмек беру мәселесін түсіндірді.

"Елімізде 8 және одан да көп баласы бар отбасылардың саны - 2 451. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында тұратын отбасыда кәмелет жасына толмаған 15 бала бар. Оның арасында студент те бар. Егер осы заң қабылданса, оларға 159 мың теңге есептеледі деп айттым", - деді министр журналистерге.

Сонымен қатар, ведомство басшысы бұл көмек көпбалалы отбасыларға мемлекеттен берілетін қосымша жәрдемақы болатынын жеткізді.

"Бұл - мемлекет тарапынан берілетін қосымша жәрдемақы. "Ешкім осы жетеді" деген жоқ. Бұл - қосымша жәрдемақы. Елімізде 30 түрлі жердемақы бар. Оның мөлшері әртүрлі", - деп түйіндеді сөзін Біржан Нұрымбетов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети