Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 июля 2020 14:58

42 500 теңге. Нұрымбетов қазақстандықтарға өтініш айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтарға 42 500 теңге төлемақыға қатысты өтініш айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтарға 42 500 теңге төлемақыға қатысты өтініш айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр мекемеде жұмыс істейтін азаматтардың өтінішін жұмыс беруші беретінін атап өтті. Ол қызметкерлерден өздері өтініш бермеуін, порталдың жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады. Себебі мұндай азаматтардың өтініші жұмыс берушіден ғана қабылданады.

"Жұмысшылардың өздері тапсырыс беруінің қажеті жоқ. Ол бәрібір порталда өтпейді. Порталда басқа да адамдарға кедергі жасамауларыңызды сұраймыз. Сіздер жұмыс берушіңіз өтініш берген соң, мына enbek.kz-тегі мәртебеңізді, статусыңызды көріп отыра аласыздар сізге өтініш берілгені және ол қандай сатыда қаралып жатқаны жөнінде", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.

Министр жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысып жүрген азаматтар өздері үшін өтініш беретінін атап өтті.

"Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысып жүрген азаматтар өздеріңіз үшін өздеріңіз бересіздер. Сіздерге екі порталдан қосымша Telegram-боттардан беруге болады. Қосымша өздеріңіз туралы мәліметтер белгілейсіздер, тіркелу туралы шығады. Және де ескертеміз, сіздерге бір ғана шарт: карантинге байланысты сіздердің жұмыстарыңыз тоқтап тұрғаны. Жұмысыңыздың тоқтамай тұрғаны туралы аудандық штабтар және Салық комитеті тексеріп алады. Сондықтан егер сіздің жеке кәсіпкерлігіңіз тоқтамаған болса, өтінішті берудің қажеті жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ, министр жеке тұлғалардың қалай тапсыратынын ескертті.

"Ал басқа азаматтар қалған жеке тұлғалардың барлығы осы порталдар және Telegram-бот арқылы бере алады. Ол штаб арқылы өтпейді, ол тікелей кетеді... Баршаңызға айтарым: 42 500-ге өтінішті тек егер жұмыстарыңыз тоқтап қалған болса ғана беру керек. Өткендегідей Telegram-ботта жазба болады. Оның мағынасы: осы карантинға қатысты күшейтілген шектеулердің салдарынан табысымнан айырылдым деп растайсыз және осы мәліметтің дұрыс, жалған емес екені туралы жауапкершілікті мойындап, белгілеп қоясыз", - деді Нұрымбетов.

Министр өтініш беру тәртібіне қатысты қазақстандықтарға өз өтінішін айтты.

"Сіздерге үлкен өтініш, құрметті қазақстандықтар, бір ғана өтініш беру. Оны екі рет, үш рет, одан көп мәрте бермеуді сұраймыз және әр порталға бір-бір өтініштен тастамауды сұраймыз, оның қажеті жоқ. Бәрібір екінші өтінішіңіз өтпейді. Бірақ ол өз кезегінде, керісінше,  порталдарға салмақ салуы мүмкін және басқа азаматтардың өтініш беруіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан бір рет қана өтініш тастаңыздар, сіздерге хабарлама келеді "сіздің өтінішіңіз қабылданды" деп. Содан кейін ертесінен бастап enbek.kz өздеріңіздің статустарыңызды көріп отырасыз", - деп өтінді Біржан Нұрымбетов.

42 500 теңге. Қашан және қайда өтініш береміз?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтінішті жұмыс берушілер қалай беретінін айтты.

Премьер-министр Асқар Мамин елімізде карантиннің ұзартылуына байланысты тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі көмекті нақты кімдер алатынын айтты.

Айта кетейік,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға - 2 тамызға дейін ұзартылатынын және мұқтаж жандарға 42500 теңге берілетінін айтқан.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 188-ге жетті. 39 066 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети