Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 июля 2020 15:35

Өтінім жұмыс берушіден түсуі керек - министр 42 500 теңге туралы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтінішті жұмыс берушілер қалай беретінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтінішті жұмыс берушілер қалай беретінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір өтінішті қалай беру? деген сұрақ бар. Біріншіден, ереженің тетіктерін екі күнде пысықтап аяқтаймыз. Бейсенбі күні алдарыңызға қайта келуім мүмкін. Онда осы пысықталған тетіктер туралы толық ақпарат беремін", - ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Кейін министр 42 500 теңгені беру кезінде қандай өзгерістер болуы мүмкін екеніне тоқталды.

"Біріншіден, өзгеріс жалдамалы жұмысшыларға, қызметкерлерге қатысты. Біз бүгінгі жағдайларды ескеруге мәжбүрміз. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға қарағанда қазіргі таңда біраз мекеме жұмыс істеп жатыр. Яғни құрылыс, өндіріс, қызмет көрсету, сауда салалары шектеумен жұмыс істеуде. Екіншіден, әр өңірдің бас санитар дәрігерлері сол облысқа қатысты ерекше шектеулерді орнатып жатыр", - деді Біржан Нұрымбетов.

Үшіншіден, министр 1 сәуірден бастап біраз мекеме жұмысшыларды міндетті зейнетақы немесе әлеуметтік жарналарды төлеуден босатқанын жеткізді.

"Сондықтан біз осы жарналарды қадағалауға мүмкіндігіміз шектеліп отыр. Осыған байланысты жалдамалы жұмысшыларға қатысты өзгеріс болады", - деді министр.

Осы орайда ол жалдамалы жұмысшылар үшін 42 500 теңгеге өтінішті тек жұмыс берушісі беретінін атап өтті.

"Біріншіден, осы жолы біз жұмысшылар үшін зейнетақы және әлеуметтік жарнасы төленгені туралы талап қоймаймыз. Осыған дейін 12 айда кемінде бір төлем болуы керек деген талап болған еді. Себебі, оның қазір мәні жоқ. Оның бәрін тексеріп, өткен жолғы төлемдерді ұстай алмаймыз. Екіншіден, өткен жолғы 42 500 теңгенің тәжірибесін ескеріп, жалдамалы жұмысшылар үшін осы жолы өтінішті тек жұмыс берушілер ғана береді", - деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, осыған дейін үкімет басшысы Асқар Мамин 42 500 теңге нақты кімдерге берілетінін айтқан еді

Сондай-ақ, үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі мектептерде қашықтан оқытуға кеңес берді, ал білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтты.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети