Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 июня 2020 11:57

Әлем елдері "өз күнін өзі көрсін" деген үрдіске көшкен - Тоқаев

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің атына заты сай бірегей халықаралық ұйым ретінде пандемия кезінде аса белсенділік таныта қоймады. Мұндай пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің атына заты сай бірегей халықаралық ұйым ретінде пандемия кезінде аса белсенділік таныта қоймады. Мұндай пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен мұны 2008 жылы ертерек болжап айттым"

Қазақстан Президентінің айтуынша, қазір әлем елдері "өз күнін өзі көрсін" деген үрдіске көшкен. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай үрдісті 2008 жылы болжаған. Алайда қазір тіпті халықаралық маңызы бар ұйым ретінде БҰҰ коронавирус пандемиясы кезінде белсенділік таныта қоймаған.

"Шынында да, әлем өзгерді. Мызғымастай көрінген жаһандану үрдісі пандемияның әсерінен кіді­рістеп қалды. Мемлекеттер өзін-өзі оқшаулауға, "әркім өз күнін өзі көрсін" қағидатына баса мән бере бастады. Халықаралық қатынастарда ұлтшылдыққа бет бұру үрдісі артып келе жатқаны байқалады. Мен мұны 2008 жылы ертерек болжап айттым. Бірақ ол кезде менің тұжырымымды саясаткерлер мен ғалымдар қолдамады. Тіпті коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу ісі де халықаралық ынтымақтастықтан тыс, "әркім өзі үшін" қағидаты бойынша жүзеге асырылуда.

Әлемде өзге баламасы жоқ Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің атына заты сай бірегей халықаралық ұйым ретінде пандемия кезінде аса белсенділік таныта қоймады. Ірі державалар арасында текетірес күшейіп келеді. Аймақтардағы қақтығыстар шиеленісе түсті. Бұл – өңірлік мемлекет ретіндегі Қазақстан үшін қолайсыз үрдіс", - деді ол.

"Экономикамыз санкциялық соғыстар мен саяси текетірестерден шығынға ұшырап жатыр"

Президенттің айтуынша, біздің экономикамыз санкциялық соғыстар мен саяси текетірестерден шығынға ұшырап жатыр.

"Еліміз өзінің бейбітсүйгіштігі мен өңірлік қауіп­сіздікке сындарлы үлес қосуға әзірлігін тұрақты түрде көрсетіп келеді. Елбасымыз ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы әрі жаппай қарусыздану саясатының нағыз жақтаушысы ретінде бүкіл әлемге танылды.

Тәуелсіздік жылдары бұл бағытты нығайту үшін көп жұмыс атқа­рылды. Ең бастысы – мемлекеттік шекара­мыздың беріктігі! Қазақ­станның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы шек­ара­­сының заңды түрде рәсімделіп, белгіленуінің, шын мәнінде, тарихи да, саяси да мәні зор. Шекара мәселесінде құжатты түрде екіжақты келісімнің болмауы қандай ауыр әрі ауқымды зардаптар мен қайшылықтарға әкелетінін көзіміз көріп отыр. Алыстан да, жақыннан да мысалдар аз емес", - деді Президент.

"Қазақстанның егемен­дігіне нұқсан келмейтін жағдайда ғана қолдайтынымызды ашық айттым"

Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық дип­ломатияда бейбіт әлем туралы әрдайым өзіндік түсінігі, өзіне тән ерекшелігі болғанын атап өтті. Сондай-ақ Президенттің ойынша, Елбасының Ресеймен стратегиялық серіктестік құрғанын дұрыс таңдау болды.

"Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев көпвекторлы, теңге­рімді сыртқы саясатта Ресеймен стратегиялық серіктестікті, ынты­мақтастықты нығайтуға және өңірлік инте­грацияға баса мән берді. Бұл – дұрыс таңдау болды. Дегенмен, әлем­дегі ахуал бір орнында тұрмайды, алпауыт мемлекеттердің геосаяси мақсаты өзгеруде. Осындай жағдайда Қазақстан бірінші кезекте өзінің ұлттық мүддесін қорғауға міндетті. Сондықтан мен Еуразиялық экономикалық одақтың биылғы 19 мамырда өткен саммитінде интеграцияны Қазақстанның егемен­дігіне нұқсан келмейтін жағдайда ғана қолдайтынымызды ашық айттым", - деді ол.

"Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік"

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың той тойлаудан құтыла алмай отырған "әдетін" сынады. 

"Қазір "Тойың тойға ұлассын" деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!", - деді Президент.

Басылымға берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі мәселесін шешудің төрт жолын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети