Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 мая 2019 11:48

Әлемді таңдай қақтырған қазақстандық вундеркинд балалар

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанның дарынды балалары" жобасының аясында біз сіздерді балалық шағынан алғырлығымен, ерекше қабілетімен таңғалдырған жастармен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкерлеріміздің ішінде әйгілі Стивен Хокингпен кездескен, әлемді аузына қаратқан жылдам, құлағы естімесе де домбырада шебер ойнайтын және бір жыл ішінде есепке жүйрік атанып, турнирлерді жеңген вундеркиндтер бар. Tengrinews.kz тілшісі осы балалар жайлы мәлімет жинады.


"Қазақстанның дарынды балалары" жобасының аясында біз сіздерді балалық шағынан алғырлығымен, ерекше қабілетімен таңғалдырған жастармен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкерлеріміздің ішінде әйгілі Стивен Хокингпен кездескен, әлемді аузына қаратқан жылдам, құлағы естімесе де домбырада шебер ойнайтын және бір жыл ішінде есепке жүйрік атанып, турнирлерді жеңген вундеркиндтер бар. Tengrinews.kz тілшісі осы балалар жайлы мәлімет жинады.

Хокингпен кездескен тараздық бала

Таразда тұратын Исаак Мустопуло жайлы талай БАҚ беттерінде жазылған. Ол 15 жасында космологиялық сингулярдың пайда болу мәселелерімен айналысқан, адамзат ғылымында өшпес із қалдырған ағылшын физик-теоретигі Стивен Хокингпен кездескен. Мұндай деңгейдегі ғалыммен кездесуіне инновациядан өткен ұлттық конкурста ғарыш аппараттары үшін электр қуатын өндіру жолын сипаттаған "Үйлесім теориясы" атты видеосымен арнайы жүлде алуы себеп.

Ал ғалыммен кездескенде не жайлы әңгімелескенін ол сұхбаттарында былай деп сипаттаған: 

"Біз кездескенде ғылым туралы айтпадық. Қарапайым әңгіме өрбіді. Қандай кинолар көретінін, кімді кумир еткенін сұрадым. Ол менен біздің еліміз туралы сұрады. Мен оған сипаттап бердім. Детальді түрде баяндауға тырыстым. Мен табиғаттың барлық аймағы бар екенін, дала да, орман да, тау да барын айттым. Жаздың ыстық, қыстың қарлы екенін. Туған жерді жақсы көретінімді. Ол бірнәрсеге қадалып қалмауды, не ұнаса, соның бәрін көру керектігін айтты. Адам сол кезде ғана толыққанды дами алады, деді. Мен онсыз да сөйтемін. Ол "еліңде ғылымды насихатта" деді".

Аға ғалым мен бала ғалымның ұқсастығы - ауыр дертінде. Стивен Хокинг бүйір амио-трофиялық склерозы деген ауыр дертпен өмір сүрсе, тараздық жас ғалымға "церебрал паралич" диагнозы қойылған.

Жас ғалым ендігіде Кембридж университетіне түсіп, оның ісін жалғастыруды алған мақсат қойған.

Әлемді аузына қаратқан жылдамдық

2015 жылы Instagram желісінде бокс стилі ерекше бес жасар қыздың видеосына таңғалмаған адам қалмаған шығар. "Самая быстрая девочка из Казахстана" деген атаумен таралған видеода Эвника Саадвакасс көз ілеспес шапшаңдықпен бокс өнерін көрсетеді. Ролик үш миллион қаралым жинаған еді. Оның жылдамдығына UFC жұлдызы Ронда Роузи таң болып, видеосын жариялаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Join me in recognizing the unlimited potential of women and their stories with the goal of inspiring and empowering all ages. Share your Story/Video with us using #RouseyRevolution Get to know Evnika Evnika is an 8-year-old boxing sensation from Kazakstan. Her quick hands and perfect technique are the result of training since she was 3 years old. Evnika follows a strict training regimen from her father, Raigul. Raigul does not believe in sparring and fears that it’s harmful in a young boxer’s development of necessary technical skills. So Evnika, following in the footsteps of her two brothers and four sisters, trains without a partner and strictly works on perfecting the fundamental techniques. “During training children have the feeling that you feel when you are dancing,” Raigul said to UFC.com. “It allows athletes to open up, to relieve tension and to move for fun.” And that’s all it has been about for Evnika thus far: fun. She loves watching fights of Mike Tyson and Manny Pacquiao though her idols are her brothers and sisters. Now, living in Russia, Raigul doesn’t know what Evnika’s future holds. He said no matter how talented she is, if she does not fall in love with the sport then it will not be her way of life. It’s her choice. Raigul has a small inclination, though. He sees the way she trains every day and thinks Evnika may have already fallen in love with the sport without knowing it.

Публикация от rondarousey (@rondarousey)

"Менімен келісіп, мойындаңыздар - әйелдердің әлеуеті шексіз, шабыт сыйлап, кез келген жаста да таңғалдыра біледі", - деп сипаттаған еді Роузи оның видеосын жариялай отырып.

Кейін Эвниканың АҚШ-тағы NBC телеарнасында 30 секунд ішінде 206 соққы жасап, америкалық көрерменді тәнті еткені белгілі болды. Эвника қазіргі уақытта Ресейде тұрып жатыр. Әкесі боксшы, анасы акробатикадан спорт шебері, спорт гимнастикасынан спорт шеберіне кандидат. Қазіргі таңда отбасының жеке бизнесі бар.

Шапшаң есептейтін Данияр

Дарынды балалар жайлы жазғанда астаналық 13 жастағы Данияр Құрманбаевты елемей өтуге болмас. Ол санаулы секундтардың ішінде күрделі есептерді ойша шығарады, тез санау өнерін абакус деп аталатын жаттығулар арқылы меңгеріпті. UCMAS академиясының оқушысы тоғыз-ақ жасында YouTube-тегі видеосымен танылған.

Оқушы Ресейдегі "Пусть говорят", "Мужское и женское" деген бағдарламаларына қатысып, өз қабілетін дәлелдеген. 

Сұхбатында Данияр ментал арифметиканың өмірде қалай көмектесетінін түсіндірген еді.

"Ментал арифметика маған көп көмектеседі: мұқият болуды, тез ойша есептеуді үйрендім. Бұған дейін тек бағандармен көбейтіп, бөлетінмін, ал енді оны ойша есептеу де қолымнан келеді. Үзіліс кезінде балалар маған жақындап мұның қалай жұмыс істейтінін сұрап жатады" - деген еді оқушы.

Есепке жүйрік Рамзан

Онға дейін санауды ғана білетін Рамзан Байдәулетов бір жылдан кейін 175 мысалды 8 минут ішінде шешетін жағдайға жеткен. Ол Индонезияда ментал арифметикасы бойынша турнирге шақырту алған. Сегіз жастағы қостанайлық Дубайда өткен халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсеткен. Бұл екі жыл бұрынғы көрсеткіші, ол кезде Рамзанның ментал арифметикасы академиясына барып жүргеніне бір ғана жыл өткен. 

Рамзан мектеп табалдырығын аттамай тұрып, жылдамдыққа оқу мектебін үздік аяқтаған, сондай-ақ шахматпен кәсіби түрде айналысып, үшінші разряд алған. Анасы болса баласының есте сақтау қабілеті жақсы екенін айтқан. 

Сол шақта арманың не деген сұраққа вундеркинд президенттік шыршаға барғысы келетінін ғана айтыпты. Зерек бала бұған дейін де облыстық, республикалық бәсекелерде де топ жарып жүрген.

"Қазақтың Бетховені"

10 жастағы Нұрбол Сейдолла туа бітті есту қабілеті нашар. Үш жасында ол толықтай кереңдікке ұшыраған. Төрт жасынан бастап есту аппараттарын қолданып жүрген оған келесі жылы хохлеар имплантациясы жасалған. 2015 жылы оны ата-анасы Алматыда Оқушылар сарайындағы домбыра үйірмесіне береді. 

Бір жыл өткенде Нұрбол Варшавада өткен байқауда домбырада ойнау шеберлігімен жұртты тәнті еткен. Бұл байқаудың естімейтін балалар арасында өткенін және "Ұлу ырғағы" деп аталғанын айтып өтейік. Байқауды есту физиологиясы және паталогиясы институты ұйымдастырады.  

Бала қазақтың Ортеке, "Келіншек " күйлерін орындаған. Бұл дарынына таңғалған жұрт оны "Қазақтың Бетховені" дескен еді.

Еске салайық, Tengrinews.kz редакциясы "Қазақстанның талантты балалары" жобасын бастаған еді, оның мақсаты - біздің, қазақстандықтардың жас дарындарымыз жайлы білсін деген ниет. Елімізде ең ақылды, өнерлі, алғыр балалар бар деп сенеміз. Егер сіздің балаңыз қандай да бір дарынымен таңғалдырса, ол жайлы оқиғаңызды бізге kids@tn.kz поштасына жіберіңіз. Сондай-ақ, сайтта көрсетілген телефондар арқылы редакцияға хабарласып, әңгімелеп бере аласыз.

"Қазақстанның дарынды балалары" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар" арнайы жобалары қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети