РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
19 января 2024 | 16:37

"Алматы Астана" күре жолы сақалды құрылысқа айналды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Саламат Сабыр Фото: Massaget.kz / Саламат Сабыр

"Алматы-Астана" күре жолының құрылысы мерзімінде бітпеді. Орталық пен Оңтүстікті байланыстыратын дәліз 3 учаскеге бөлінген. Олар Алматы, Қарағанды мен Жамбыл облыстарын басып өтеді. 2021 жылы Президент жолды екі жыл ішінде жөндеуді тапсырған еді. Алайда, 946 шақырым жолдың тек 200-ден астамы қолданысқа берілді. Ұзаққа созылған құрылыс қашан аяқталады? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Алматы-Астана" күре жолының құрылысы мерзімінде бітпеді. Орталық пен Оңтүстікті байланыстыратын дәліз 3 учаскеге бөлінген. Олар Алматы, Қарағанды мен Жамбыл облыстарын басып өтеді. 2021 жылы Президент жолды екі жыл ішінде жөндеуді тапсырған еді. Алайда, 946 шақырым жолдың тек 200-ден астамы қолданысқа берілді. Ұзаққа созылған құрылыс қашан аяқталады? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Қонаев қаласының тұрғыны Айбек Омаров 15 жылдан бері көлік жүргізеді. Жеке көлігімен еліміздің біраз өңірін шарлады. Жылына бірнеше рет Астанаға барады. "Қарағанды-Алматы" тасжолын жақсы біледі. Бұрын 13 сағатта Астанаға жететін. Қазір уақыт еке есеге ұзарған.

"Алматы - Астана бағытындағы жол өте нашар. Күре жолда күрделі жөндеу жұмысы басталғалы бірнеше жыл өтті. Бірақ, нәтиже шамалы. Шұңқыр көп. Сол жерде екі рет дөңгелегімді жарып алдым. Ол шығынды маған кім өтейді. Біз не үшін салық төлейміз сонда. Кейбір жерлерге асфальт төселгенімен жол сапасы 100 пайыз талапқа сай емес", - дейді ол.

Жалпы осы бағыттағы "Қарағанды-Балқаш" аралығында жол-көлік апаты да жиі болады. 350 шақырымдық жолды жөндеу жұмысы 2019 жылы басталды. Сол кезде төрт жолақты автобан жобасы 250 миллиард теңгеге бағаланды. Бірақ, содан бері мердігер ауысып, жоба қымбаттап кетті. Құрылыс 2022 жылы аяқталуы тиіс еді.

"Балхаш - Бурылбайтал" аралығының ұзындығы 288 шақырым. 72 шақырымды жасау жөнінде мердігер компаниямен келісімшартты бұздық. Олар міндетін дұрыс атқармады. Сол себепті жаңадан мердігер сайладық. Қазір жобаны қаржыландыру Дүниежүзілік банкпен іске асырылып жатыр. Сондықтан 72 шақырымда жұмыста кедергі болды. Бірақ бұл жолды 2024 жылдың аяғына дейін толығымен аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз", - дейді Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Аманкелді Беков

Ал, "Бұрылбайтал-Күрті" күре жолы Қонаев қаласына жалғасады. Жол бойындағы Ақши ауылынан Қонаев қаласына дейінгі 60 шақырым аралықты кеңейту көзделген. Әзірге оның 20 шақырымы аяқталды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer