Алматы-Ташкент тасжолының көлік кептелісі тұрғындардың наразылығын туғызды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Алматы-Ташкент тасжолының 19-шы шақырымындағы көлік кептелісі сейілер емес. Жүргізушілер кептелісте сағаттап тұруға мәжбүр. Тұрғындар жолды кеңейтіп, кері бұрылатын қосымша көпір салмайынша бұл мәселе ешқашан шешілмейтінін айтады. Massaget.kz тілшісі тұрғындармен сұхбаттасып көрген еді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы-Ташкент тасжолының 19-шы шақырымындағы көлік кептелісі сейілер емес. Жүргізушілер кептелісте сағаттап тұруға мәжбүр. Тұрғындар жолды кеңейтіп, кері бұрылатын қосымша көпір салмайынша бұл мәселе ешқашан шешілмейтінін айтады. Massaget.kz тілшісі тұрғындармен сұхбаттасып көрген еді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"19-шы шақырым" дегенде көлік жүргізушілерінің жүйкесі сыр бере бастайды. Өйткені дәл осы тұста кептеліс күндіз де, түнде де болады. Қалаға кіріп-шығу оңай емес. Таңғы уақытта Алматы облысынан қалаға көлік ағылады. Сағат 6-дан кейін жүйткіген темір тұлпарлардың жүрісі кібіртіктеп қалады. Сондықтан жүргізушілер бұл маңнан ертерек өтіп кетуге тырысады. Ал үлгермегендер кептелісте тұруға мәжбүр.

"Мен күн сайын Ұзынағаштан Алматыға барамын. Қаскелең мен осы аралық небәрі 3 шақырым. Соның өзін әрең дегенде титықтап жүреміз. Кептелісте 2 сағат тұрамыз. Екі жыл болды ғой осылай жүргенімізге. Бұл проблема қашан бітеді?" - дейді көлік жүргізушісі Сейітқұл Өзбеков.

Кептеліс кесірінен жолаушылар діттеген жеріне кешігіп жетеді. Қалаға қатынап жұмыс істейтін облыс тұрғындары жол азабын күнде көреді. Ал, кешке үйлеріне қайтулары бұдан да қиын.

"Бұл жерге "Асыл арман" тұрғын үй кешеніндегідей автокөлік жүретін айналма көпір салу керек. Сонда жақын маңдағы ауыл тұрғындары сол көпірге шығып, өзінің жолына түсіп Алматығы кетеді. Қаскелең жақтан келетін елге ешқандай кедергі келтірмейді", - дейді жүргізушіс Айдос Смағұл.

Кептелістің туындауына бір ғана себеп бар. Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық аймағынан шығып, Алматыға баратын көліктер Үлкен Алматы айналмалы жолына түсе алмайды. Сондықтан "Алматы-Ташкент" күре жолына шығып, кері айналулары керек. Жол тар болғандықтан бұрылыс қарсы бағыттағы қозғалысқа кедергі келтіреді.

Мәселені реттеу үшін жолды кеңейту керек. "Қазавтожол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Шыңғысхан Мұратбекұлының айтуынша, жобаның тек сызбасы ғана жасалған екен.

"Кеңейтілетін жол жобасының нобайы бар. Алты жолақты жол бойында жолайрық пен жаяуларға арналған екі көпір салу көзделген. Қарсы бағытқа өтетін тұсы Долан ауылының маңында орналасады. Қазір жол құрысына қажетті жер телімдерінің кімге тиесілі екенін анықтау жұмысы басталды. Алдымен соны аяқтап алуымыз керек", - дейді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 14
Астана 16
Актау 18
Актобе 11
Атырау 15
Б
Балхаш 16
Ж
Жезказган 14
К
Караганда 17
Кокшетау 11
Костанай 19
Кызылорда 15
П
Павлодар 17
Петропавловск 11
С
Семей 10
Т
Талдыкорган 19
Тараз 18
Туркестан 13
У
Уральск 9
Усть-Каменогорск 19
Ш
Шымкент 14

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer