Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 августа 2023 14:11

Алматыда Яндекс жүргізушісі белгілі блогерді жұлқылап, беті мен қолын тырнап, көлігінен қуып шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/mira_bergen суреттерінен коллаж Фото: instagram.com/mira_bergen суреттерінен коллаж

Белгілі стилист әрі блогер Мира Берген Яндекс.таксиге қатысты оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Белгілі стилист әрі блогер Мира Берген Яндекс.таксиге қатысты оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Стилистің сөзінше, кеше ол құрбыларымен кездесу үшін Яндекс.такси шақырған.

"Киініп, дайындалдым, бір кезде қосымшадан көлік келіп күтіп тұрғаны туралы хабар келді. Жаңбыр жауып тұр, көшеге шықсам көлік жоқ. Жаңбырдың астында қалып күттім. Жүргізушіге хабарлассам ол біздің тұрғын үйде кіретін жерді таба алмай жатқанын айтып, ашуланып тұр екен. Ақыры көлік келген кезде су болып кеттім. Ол туралы жүргізушіге айттым.

Жүргізуші наразылығымды оған емес, басқа жақындарыма айтуым керегімді айтып, мені ешқайда апармайтынын жеткізіп, жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан оның көлігінен шығуымды талап етті", - дейді Мира Берген.

Стилист бұл жағдайдың бәрін видеоға түсіріп алған. Жүргізуші оның телефонын тартып алмақ болып, Мира Берген отырған жағынан келіп, оны жұлқылап, көліктен шығарып тастаған. Артынша Яндекс қосымшасында блогерден жол ақысы алынған.

Яндекс жүргізушісі Мира Бергеннің қолын, тіпті бетін де тырнап алған. Мира Бергеннің парақшасында бұл жайт қызу талқыға түскен. Видеоны 160 мыңға жуық адам көрген. 2 мыңға жуық пікір жазылған. Massaget.kz тілші бұл жайтқа қатысты Мира Бергеннің өзінен пікір сұраған болатын.

"Бұл жазбадан кейін көптеген адам Яндекс.таксиге қатысты болған сұмдық жағдайлар туралы маған жекеме де, жазбаға пікір қалдырып та жаза бастады. Оның ішінде, аяғы ауыр әйелдер, кішкентай баласы бар әйелдер де бар. Яғни мұндай жағдайлар жиі болып тұрады. 500-ге жуық хат келді, олардың әрқайсы Яндекске қатысты негатив оқиғалар туралы айтып берген. Бұл проблеманы блогер ретінде көтеруім де бекер емес. Блогер тек жарнама арқылы ақша табатын адам деп түсіну дұрыс емес, оның өзіндік аудиториясы бар, сол арқылы қоғамдағы проблеманы көтереді. Егер қарапайым адамның ондай мүмкіндігі болмаса, блогердің ақпараттық ресурсы бар", - дейді Мира Берген Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Осылайша блогер бұл жағдайдан бірнеше проблеманы байқаған.

"Біріншіден, көптеген адам "неше түрлі адам болады, оның әрқайсын қадағалап жүре алмайсың" дейді. Иә, бірақ мәселе онда емес. Мәселе ондай адамдардың жазасыз қалатынында. Егер таксопарктер мұндай мамандарды жазалайтын болса, басқа жүргізушілер ойланып әрекет істер еді. Мұндай жүргізушілер жазаланбайды, ал Яндекс зардап шеккен адамға мысалы 3 мың теңге бонус беріп қана құтыла салады. Сосын зардап шеккен адам ол мәселені ары қарай қазбаламайды. Бірақ біз өзімізді қорлау үшін таксистерге ақша төлеп жатқан жоқпыз ғой", - дейді блогер.

Massaget.kz тілшісі Яндекс.такси өкілдерімен байланысты. Компания өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл іспен құқыққорғау органдары айналысады. Біздің мәліметіміз бойынша, зардап шегуші полицияға арыз жазған. Біз болған жағдайда жүргізуші жұмыс істейтін тасымалдаушы серіктеспен бірлесіп жұмыс істейміз. Жүргізуші тексеру аяқталғанға дейін тапсырыстардан шеттетілген", - дейді компания өкілдері.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети