Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 апреля 2021 17:58

Алматыдағы вакцинация: маңызды сұрақтардың жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали қаладағы вакцинация жұмыстарына қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали қаладағы вакцинация жұмыстарына қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Лаура Мырзағалидің сөзінше, бүгінде қалада вакцина салдыруға арналған 56 екпе кабинеті бар, оның 16-сы жеке, қалғаны мемлекеттік. 

Сауда орталықтарында вакцинация жасауға кадрлар жеткілікті ме?

Бүгінде сауда орталықтарында кезекші болатын дәрігерлер дайындалып жатыр. Вакцинация таңғы 08.00-ден бастап сауда орталығы жабылғанға дейін жүргізіледі. Сонымен қатар, вакцинация жұмыстарына Алматыдағы 12 медициналық колледждің бітіруші студенттері жұмылдырылады. Олар диплом алғаннан кейін стационарлар мен ауруханаларға жұмысқа қабылдана бастайды.  

Коронавирус жұқтырып, жазылғандар вакцина салдыруы керек пе?

Вакцина салдырардан бұрын антидене скринингін жасаудың қажеті жоқ. Ауруды симптомсыз және жеңіл түрде өткізгендер вакцинаны 2-4 аптадан кейін, ал ауруды орташа ауыр және ауыр өткізгендер алты айдан кейін вакцина салдыруы қажет. 

Алматыда жаппай вакцинация басталды ма?

Сәуірден бастап Алматы қаласына вакцинаның үлкен партиясы келеді. Сол уақытта қалада жаппай вакцинация жұмысы басталады. Бүгінде қаладағы ауруханалар арнайы база мен тізім жасап жатыр.  

Алматының қай сауда орталығында вакцина салдыруға болады?

Сауда орталықтарының тізімі әлі қарастырылып жатыр. Алайда жоспар бойынша:

Алатау ауданында "Бақорда" СО;

Әуезов ауданында "Спутник", "Гранд Парк", "Мәскеу", Almaty Mall, Asia park СО;

Бостандық ауданында Mega Center Almaty, ADK, Esentai mall, Forum, Almaty, Atakent Mall СО;

Жетісу ауданында Maxima, Adem, Мерей СО;

Медеу ауданында Dostyk plaza, ГУМ СО;

Түрксіб ауданында Mart СО.

Жалпы 31 сауда орталығы қарастырылып жатыр. 

Вакцина кімдерге салынбайды?

Вакцина 18 жастан асқан азаматтарға салынады. Кәмелетке толмаған балаларға вакцина салдыруға болмайды. Бүгінде 65 жастан асқан азаматтарға вакцина салдыруға рұқсат берілген. Бірақ міндетті түрде қандай қарсы белгілері барын қарау керек. Одан бөлек, онкологиялық аурулары бар адамдарға, жүкті әйелдерге, қант диабеті бар адамдарға вакцина салдыруға болмайды.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети