Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 апреля 2020 15:29

"Алты күн күрескен". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Tengrinews.kz порталы бұған дейін коронавирустан қайтыс болған 15 қазақстандық туралы материал жариялаған еді. Соңғы бір аптаның ішінде Қазақстанда тағы бес адам COVID-19-дан көз жұмды. Tengrinews.kz тілшісі вирустан соңғы қайтыс болған қазақстандықтар туралы баяндайды.


Tengrinews.kz порталы бұған дейін коронавирустан қайтыс болған 15 қазақстандық туралы материал жариялаған еді. Соңғы бір аптаның ішінде Қазақстанда тағы бес адам COVID-19-дан көз жұмды. Tengrinews.kz тілшісі вирустан соңғы қайтыс болған қазақстандықтар туралы баяндайды.

Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған

15 сәуірде Шымкентте бір науқастың көз жұмғаны хабарланды. Бұл Қазақстанда коронавирустан 16-шы адам өлімі.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм - 1954 жылғы, зейнеткер, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласының тұрғыны. Азамат Жетісай қаласындағы орталық аудандық ауруханада коронавирус инфекциясымен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған. 1 сәуірде ер адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

4 сәуір күні жағдайының нашарлауына байланысты науқас санавинация арқылы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, жансақтау бөліміне жатқызылған.


Фото: elements.envato.com

Түскен кезінде науқастың жағдайы ауыр, сопорда, ӨЖЖ аппаратына қосылған. Науқаста вирустық гепатит, бауыр циррозы, қант диабеті, созылмалы панкреатит сияқты ауыр қосымша аурулар болған.

"Емдеу хаттамаларына сәйкес науқасқа барлық қажетті емдеу іс-шаралары жүргізіліп, бірнеше рет республикалық мамандармен консультациялар өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, бүгін сағат 15:00-де науқас қайтыс болды", - деді басқармадағылар.

60 жаста болған

Келесі күні коронавирус жұқтырған тағы бір қазақстандықтың көз жұмғаны белгілі болды. Бұл - Қазақстандағы 17, Алматыдағы 3-жағдай.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қайтыс болған науқас 1960 жылы туған.

"Кеше тағы бір науқас қайтыс болды. 1960 жылғы. 8 сәуірден бері Орталық қалалық клиникада ем алып жатты, ауыр жағдайда болды. Кахексия болды. Сараптамалар алынды, коронавирус анықталды", - делінген хабарламада.

Қаны аз болып, жүрегі тоқтаған

19 сәуірде Алматыда тағы екі науқастың қайтыс болғаны туралы хабарланды. Олардың бірі - 1958 жылы туған ер адам. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, оның жағдайы ауыр болған.

Сонымен қатар, алматылық науқастың коронавирустан бөлек бірнеше диагнозы тіркелген.

"Науқастың бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды", - делінген хабарламада.


Фото:elements.envato.com

89 жасында COVID-19 жұқтырған

Алматыда қайтыс болған тағы бір науқас 1931 жылы туған әйел. 89 жаста. Оның да жағдайы аса ауыр болған. Ол Қазақстанда вирустан қайтыс болған 19-шы адам болып саналады.

Коронавирустан бөлек жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия секілді сырқаттары болған.

"Қайтыс болған екінші адам - 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жағдайда болған", - делінген хабарламада.

Алты күн бұрын КВИ табылған

Ал бүгін Қазақстанда тағы бір науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Науқас 1964 жылы туған. Одан коронавирус 17 сәуірде анықталған.

Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония.

"22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады", - делінген хабарламада.

Биологиялық өлім сағат 07:00-де тіркелген. Қорытынды диагноз: расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша аурулар.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2 207-ге жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 422 адам, Алматы қаласында – 736 адам, Қарағанды облысында - 102 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 79 адам, Шымкент қаласында - 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам, Алматы облысында - 65 адам, Ақтөбе облысында - 34 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 50 адам, Маңғыстау облысында - 19 адам, Қызылорда облысында - 158 адам, Батыс Қазақстан облысында - 86 адам, Түркістан облысында - 77 адам, Қостанай облысында - 36 адам.

"Пойызбен құдалыққа барған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

"Екі рет жүрегі тоқтаған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети