ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ноября 2018 | 20:27
Ана қажет болғанда жанымыздан табылған жоқ, енді керек емес - Балалар үйінде өскен жігіт
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Бала асырап алу қандай бақыт?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Бала асырап алу қандай бақыт?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қонаққа Владислав есімді баланы асырап алған Арман Телев пен Айжан Жұмақанова келді. Арманның айтуынша, ол бұрыннан бала асырап алуды жоспарлап жүрген.
"Балалар үйінде достарым көп болды. Үйірмелер болды. Олар мені басында өз үйіне әкеліп жүрді. Маған бұл кісілер басынан ұнады. "Мені үйлеріңе алып кетіңдерші" деп айтатынмын", - дейді Арман Телев пен Айман Жұмақанова асырап алған баласы Владислав.
Балалар үйінде өскен Сергей Адлер мен Серік Рахымқұлов ата-анаға деген сүйіспеншіліктің қалмағанын айтады.
"Серік секілді мен кешіре алмаймын. Қабылдауымды күтпей-ақ қойсын. Бізге ана керек болған кезде олар жанымыздан табылған жоқ, ал оған бала керек болған кезде маған ондай ананың керегі жоқ. Мен қабылдауға дайын емеспін. Жасым болса 20-дан асты, мен өз болашағымды өзім жасаймын", - дейді Сергей Адлер.
"Менде ондай реніш жоқ. Бір-бірімізді кездестіріп жатсақ, мен кешірім беремін. Алайда ол кісіге менде сүйіспеншілік, жан жылуы деген қалмады. Іздеуге болады, бірақ нәтижесіз болатынын білемін", - дейді Серік Рахымқұлов.
Нұрсәуле Бақытханқызы бала асырап алудың қиындықтары жайлы айтып берді.
Блогер Эльмира Ешниязованың айтуынша, кінәлілерді іздемей, барынша жағдай жасап, қолдан келгенді аяп қалмау керек.
"Біреуден кінә іздеу қазақтың әдеті ғой. Мұнда ешкім декінәлі емес. Бала асырап алу үшін жағдайды жақсарту керек. Баланың жеке бөлмесі болуы керек. Өздері пәтеріп жалдап жүрген жандар баланы қайда апармақшы? Бала деген - үлкен жауапкершілік. Алдымен жағдайды жақсартып, содан кейін бала асырауға кірісу қажет", - дейді Эльмира Ешниязова.
Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также