Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июля 2021 17:00

Әртүрлі вакцинаны араластырып салуды қолдай алмаймыз - ДСМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов екі түрлі вакцина салдыруға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов екі түрлі вакцина салдыруға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шоранов коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдану туралы нұсқаулыққа сәйкес, вакциналай курсын сол екпемен жүргізу ұсынылғанын айтады.

"Сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ұсынысына сәйкес, әртүрлі вакцинаны араластырып салуды біз қолдай алмаймыз. Егер осы мәселеге байланысты қосымша ресми ақпарат берілсе, оны жариялайтын боламыз", - деді ол ОКҚ брифингінде. 

Сондай-ақ Марат Шоранов Қазақстанда қытайлық екі вакцина: CoronaVac пен Hayat-Vax-тың бітіп қалғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. 

"Hayat-Vax, CoronaVac-ты шектеулі мөлшерде Қазақстанға жеткізгенбіз. Келген партияны екіге бөлдік, жартысын бірінші, қалған жартысын екінші компонентке. Бүгінде 486 мыңнан аса адамм Hayat-Vax-ты салдырды. Сондықтан екінші компонент медициналық мекемелерде сақталып тұр. Біраз қалада расында вакцина бітейін деп қалды. Біз бұл вакциналарды бір келісімшартпен бір мезгілде алдырған болатынбыз", - деді Шоранов. 

Қазір тағы бір партия жеткізу үшін келісім процесі жүргізіліп жатыр. Шешім өндірістік көлемге, клеісімшартқа байланысты нақты мерзімін белгіленеді. 

"Ердоған салдырған". Қазақстанға келген қытайлық жаңа вакцина туралы не белгілі? 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети