Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 июня 2021 12:42

"Ердоған салдырған". Қазақстанға келген қытайлық жаңа вакцина туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Бүгін Қазақстанға коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина - CoronaVac келді. Алғашқы партияда 500 мың доза вакцина арнайы бортпен Алматыға жеткізілді. Қытайлық вакцина туралы не белгілі? Бұл туралы Tengriews.kz тілшісі материалында. 


Бүгін Қазақстанға коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина - CoronaVac келді. Алғашқы партияда 500 мың доза вакцина арнайы бортпен Алматыға жеткізілді. Қытайлық вакцина туралы не белгілі? Бұл туралы Tengriews.kz тілшісі материалында. 

Вакцина туралы не белгілі?

Препаратты жақын күндері қазақстандықтар салдыра алады. CoronaVac - Қазақстанда коронавирусқа қарсы қолданылатын төртінші вакцина. Одан бөлек, QazVac (Қазақстан), Спутник V (Ресей) және Hayat-Vax (Қытай) вакциналары қолданылады.

CoronaVac вакцинасында белсенді емес, белсенді зат SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 миллилитр, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет салынады. Вакцина 18 жастан асқан тұрғындарға салынады. +2+8 градус температурада сақталады.

Фото: Reuters

Препаратты қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясы шығарған. Sinovac Biotech - Бейжіңдегі вакцина жасау бойынша ең ірі компанияның бірі, 1999 жылы құрылған. Ukinform мәліметінше, компания жылына 300-500 миллион доза вакцина өндіреді. Sinovaс А, В, тұмау, оның ішінде, құс тұмауы және паротитке қарсы вакцина өндіріп шығарған.

Sinovac вакциналары 34 елде мақұлданаған, оның ішінде, Аргентина, Бразилия, Үндістан және Түркия бар.

Қай елдер бұл вакцинаны қолданады?

Индонезия қаңтар мен наурыз аралығында Джакартада тәжірибе өтті: 128 мың индонезиялық медицина қызметкеріне CoronaVac вакцинасын салынған. Нәтижесінде 94 пайыз жағдайда препарат COVID-19 симптоматикалық ағымының алдын алғаны белгілі болды. Ал Индонезияның денсаулық сақтау министрі Гунади Садикин оның алдында 25 374 медицина қызметкерінің нәтижесі бойынша қытайлық вакцинаның тиімділігі 100 пайызды көрсеткенін айтқан. Яғни бірде-бір дәрігер ауруханаға жатқызылмаған.

Фото: Reuters

Садикиннің сөзінше, Индонезияда вакцина салдырған медицина қызметкерлерінің ішінде ауруханаға жатқызылғандар мен қайтыс болғандар саны "өте-өте азайып келе жатыр". Алайда CoronaVac-тың вирустың басқа штамдарға қалай әсер ететіні туралы ақпар жоқ.

Түркияда қытайлық вакцинаны қолдану биыл 13 қаңтарда мақұлданды. Қытайлық вакцинаны қолдануға рұқсат берілгеннен кейін елде алғашқылардың бірі болып екпені елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кодже Анкараның қалалық ауруханасында салдырған.

14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға баспасөздің көзінше коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасының біріншісі салынды. Анкарада ауруханада өткен процедура тікелей эфирде көрсетілді. Вакцина салдырғаннан кейін Ердоған Twitter және Telegram желісінде жазды.


© twitter/RTErdogan

Ердоғанға CoronaVac вакцинасы салынды. Daily Sabah мәліметінше, елге бұл препараттың үш миллион дозасы әкелінген. Түркия президенті ел тұрғындарының тезірек вакцина алатынына үміт білдірді. Оның айтуынша, Қытайдан тағы 25-30 миллионға жуық доза жеткізілген.

Ал Бразилияда қытайлық вакцинаның тиімділігі өте төмен болған. 12 мың адам қатысқан вакцинаны тестілеу нәтижесі бойынша оның тиімділігі 50,38 пайыз болған. Одан бір апта бұрынғы нәтиже бойынша, вакцинаның тиімділігі 78 пайызды көрсеткен. Ал жалпы Бразилия қытайлық вакцинаның 100 миллион дозасын алдырған. Бразилиялық реттеушіде екпені елде қолдануды мақұлдау үшін вакцинаның тиімділігі 50 пайыздан асуы керек.


Фото: Reuters

Украина 2021 жылдың соңына дейін CoronaVac вакцинасының бес миллион дозасын алдырады. Қытайлық вакцинаның алғашқы партиясы 25 наурызда әкелінді.

Елде қытайлық вакцинамен халыққа жаппай екпе салу 13 сәуірде басталды. Бұл туралы Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Бірінші болып вакцина педагогтерге, олимпиада және паралимпиада ойындарының қатысушылары мен полиция қызметкерлеріне салынады. Толық иммундау үшін вакцинаның екі дозасы қажет, аралығы 28 күн. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети