Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 июля 2021 11:58

Атырауда вакцинадан өтірік құлап қалған ер адам қалай жазалануы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Кеше, 15 шілдеде Атырауда вакцина салдырған өзбекстандық азамат өтірік құлап қалған. Дәрігерлер мұны қабылдау бөлімінде тексеру жүргізгеннен кейін анықтаған. Яғни ер адамның жағдайын тексерсе, ауруханаға жатқызатындай ешқандай да симптом болмаған. Ер адамның бұл әрекеті жалған ақпарат болып санала ма? Енді Өзбекстан азаматы қалай жазалануы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісі заңгер Думан Көпбаевтан сұрап білді. 


Кеше, 15 шілдеде Атырауда вакцина салдырған өзбекстандық азамат өтірік құлап қалған. Дәрігерлер мұны қабылдау бөлімінде тексеру жүргізгеннен кейін анықтаған. Яғни ер адамның жағдайын тексерсе, ауруханаға жатқызатындай ешқандай да симптом болмаған. Ер адамның бұл әрекеті жалған ақпарат болып санала ма? Енді Өзбекстан азаматы қалай жазалануы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісі заңгер Думан Көпбаевтан сұрап білді. 

Оқиға Атыраудағы "Дина" базарының маңында болған. 14 шілдеде әлеуметтік желілерде вакцина салдырғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткен ер адамға тұрғындар көмектесіп жатқаны түсірілген видео тараған болатын. Видеода ер адамның жағдайы нашарлай бастағандай көрсетілген.  

"Дина" базарындағы егу пунктінің медицина қызметкерлерінің сөзінше, 14 шілдеде сағат 15.00-де Өзбекстанның 22 жастағы азаматы "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырған.

"Оған дейін кезекте тұрғанында ол медицина қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, вакцинаның кері әсері туралы видео түсіретінін айтып қорқытқан. Ер адам екпе салдырғаннан кейін 30 минут бақылауда болды, сосын үйіне жіберілді", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Ал 18.30-да "Дина" базарынан жедел жәрдемге ер адамның жағдайы нашарлап, сіңірі тартыла бастағаны туралы қоңырау түскен.   

"Жедел жәрдем үш сағат бұрын вакцина салдырған Өзбекстан азаматына шақырылған. Ол аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізіліп, 30 минуттан кейін үйіне жіберілді. Себебі денсаулығы қалыпты, ауруханаға жатқызатындай симптом болмады", - деген еді медицина қызметкерлері. 

Заңгер Думан Көпбаевтың сөзінше, біріншіден, болған жайтты дәрігерлер құқыққорғау органдарына хабарлауы керек. 

"Екіншіден, тергеу органдары осы жағдай бойынша қажет тергеу әрекеттерін жүргізуі керек. Яғни Өзбекстан азаматының жасаған іс әрекетіне құқықтық мінездеме беруі керек. Жалпы айтқанда, бұл азаматтың іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 274-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады - бұл "Көрінеу жалған ақпарат тарату", - дейді заңгер. 

Яғни ол қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заң бойынша қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату болып есептеледі. 

"Бап санкциясы бойынша, 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (2 917 000 теңге) салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - дейді Думан Көпбаев.

Сонымен қатар, заңгер вакцина салдырып "құлап түскен" ер адам Өзбекстан азаматы болса да Қазақстан заңымен жалпыға бірдей қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети