Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 апреля 2020 17:02

"Ауру жұқтырған жезөкшелерді жасырған". Карантин кезінде жұртты елең еткізген оқиғалар

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 наурыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі қалалар карантинге жабылып, тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылды. Ал карантин талабын бұзғандар 26 510 теңге айыппұл (10 АЕК) төлейтін немесе 15 тәулікке қамауға алынатын болды. Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдай кезінде жұртты елең еткізген оқиғаларға шолу жасап көрді.


16 наурыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі қалалар карантинге жабылып, тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылды. Ал карантин талабын бұзғандар 26 510 теңге айыппұл (10 АЕК) төлейтін немесе 15 тәулікке қамауға алынатын болды. Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдай кезінде жұртты елең еткізген оқиғаларға шолу жасап көрді.

"Жауапкершілікке тартылады"

Елімізде төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы берілетін болды. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл көмекті алатындардың саны артатынын мәлімдеді.

Алайда желіде бұл көмекті заңсыз алғандар қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ақпарат тарады. Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халықты сабырға шақырып, бұл мәселеге нүкте қойды.

"Бірде-бір адам 42 500 теңгені алғаны және жіберген қатесі үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды. Оған негіз жоқ. Бұл мәселеге нүкте қояйық", - деді ол.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде 42 500 теңге көлеміндегі көмек 4 миллион 251 мың адамға тағайындалған.

"Медицина қызметкерлері жаппай індет жұқтырды"

14 сәуірде Алматы қаласы орталық қалалық клиникалық ауруханасының 110 қызметкерінде коронавирус инфекциясы анықталды. Кейін бұл аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен босатылып, емдеу мекемесі карантинге жабылды.

Ал бір күннен соң қалада COVID-19 вирусын жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 218-ге жетті.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова медицина қызметкерлерінің жаппай коронавирус жұқтыруының себебі олардың қауіпсіздік шараларын сақтамауынан болуы мүмкін екенін айтты. Алайда аурухана қызметкерлері оның сөзін жоққа шығарып, Мемлекет басшысының атына хат жазды.

Кейін Айзат Молдағасымова қызметінен босатылып, оның орнына Жандарбек Бекшин тағайындалды.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде 820 медицина қызметкері қауіпті індетті жұқтырған.

"Коронавирус жұқтырған жөзекшелерді жасырған"

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысында лауазымды полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетін әшкереледі. Олар шетелдіктерге Ақтау қаласында жезөкшелікпен айналысатын притондар желісін ұйымдастыруға көмектесіпті.

Агенттіктің аппарат басшысы Қуаныш Жапақовтың айтуынша, өңірде карантин жарияланғанына қарамастан тәртіп сақшылары притондардың қызметін тоқтатуға қатысты тиісті шараны қолданбаған.

"Коронавирусты жұқтырған бір адамның жезөкшелікпен айналысатын шетелдіктермен байланыста болғанын жасырды. Агенттік тиісті мекемелерге мәлімет бергеннен кейін 87 адам оқшауланды. Олардың арасында притондарда жезөкшелікпен айналысқандар да бар. Шетелдік екі азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды", - дейді аппарат басшысы.

Лаунж-барда көңіл көтерген

Қазақстандық әнші Арман Қоңырбаев елде төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан Алматы қаласындағы лаунж-барда көңіл көтерген.

"Ойын-сауық мекемесі тек сенімді клиенттерін ғана кіргізген. Олардың арасында Арман Қоңырбаев та бар. Ол кінәсін мойындады", - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен әншіге 26 510 теңге (10 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Лотерея ұйымдастырған

Карантин режимін бұзған әншінің бірі - Ернар Айдар. Ол әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы лотерея ұйымдастырып жатқан жерінде ұсталды. Оның жанында 12 адам болған.

"Ұстау шарасын экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізді. Полиция қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Сондай-ақ бұл мәселе қатысты танымал әнші Мейрамбек Бесбаев та пікір білдірді. Оның айтуынша, Ернар Айдар алаяқтардың құрбаны болған.

"Қазір оның телефоны бұғаттаулы. Себебі алаяқтар ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл жағымсыз жағдайда алданған азаматтармен қатар, Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны болып отыр. Бүгінгі таңда алаяқтар құрықталды. Ернар өз кезегінде тергеу жұмыстарының әділ жүргізілуіне жан-жақты ақпарат беріп, барынша көмектесіп жатыр", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 2791-ге жетті. 696 науқас аурудан жазылды, 25 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети