Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 декабря 2020 09:39

"Автобус айдаймын ба, жолаушыларға қараймын ба?". Шымкентте полицей мен жүргізушінің дауы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Шымкенттегі автобустардың бірінде түсірілген видео тарады. Роликте полицейлер жолаушылар маска тақпағаны үшін қоғамдық көлік жүргізушісіне айыппұл салып жатқанын көруге болады. Әкімдік даулы видеоның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Шымкенттегі автобустардың бірінде түсірілген видео тарады. Роликте полицейлер жолаушылар маска тақпағаны үшін қоғамдық көлік жүргізушісіне айыппұл салып жатқанын көруге болады. Әкімдік даулы видеоның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Шымкенттегі № 138 автобус түсірілген. Полицейлер жүргізуші мен кондукторға маска тақпаған жолаушылар үшін айыппұл салынатынын айтады. Видеоға түсіріп тұрған ер адамның сөзінше, бұл автобус Shymkent Bus автопаркіне тиесілі.

Автобус жүргізушісі полицейлерге "Жолға қараймын ба, жолаушыларға қараймын ба?" деп шағымданғанын көруге болады.

Бұл видеоға қатысты пікір жазғандар жүргізушіні жақтаған.

"Маска тақпаған адамға салмай ма, жүргізуші жолға жауап берсе болды ғой", "Жүргізушіге неге кедергі келтіреді? Онда бір полицей автобус ішінде отырып, маска таққан-тақпағандарды бақыласын", "Маска таққызып кіргізу жүргізушінің міндеті емес, есікте ілініп тұр, адамдар өзі көріп тағып кіру керек" дейді желі қолданушылары.

Шымкент Жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаевтың сөзінше, жүргізушілер жолаушыларға маска тағуды талап етуі қажет.

"Бұл мәселені тасымалдаушыларға жиі айтамыз. Маска тағу керегін, маска тағуды талап ету керегін ескертеміз. Қазір қалада қоғамдық көліктерді мобильді топ тексеріп жүр. Олар тиісті орган. Әр жиналыс сайын бас мемлекеттік санитар дәрігердің барлық қаулысын ұстануды айтып отырамыз. Кондукторлар мен жүргізушілер жолаушыларға маска тағуды талап етуі керек.  Егер жолаушы оны орындамаса, автобусқа кіргізбеуіне мүмкіндігі бар", - дейді ол.

Оның айтуынша, автопарк осы видеодан кейін жүргізушінің сөзін сөйлеген.

"Осы видео тарағаннан кейін автопарк директорына хабарластым. Автопарк жүргізушіге қатысты ешқандай шара қолданбаған. "Жүргізушіміз көлік айдай ма, жолаушыларды аңди ма?" деп жүргізушіге қолдау көрсетті. Бірақ күн сайын жүргізушілер мен кондукторларға жолаушылардың маска тағуын бақылаңдар деп ескертетінін айтады. Маска тақпағандарды бақылау жол нұсқаулығында жазылмаған. Сондықтан, автопарк жүргізушіге сол үшін шара қолдана алмайды. Видеода айтылғандай Shymkent Bus автопаркіне осы оқиғаға байланысты айыппұл салынбаған", - дейді Мұхтар Қоқанбаев.

Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі тағы бір автобуста түсірілген видео тараған еді. Кондуктор маскасы қайда екенін сұраған адамға дөрекі жауап берген. Кейін автопарк кондуктордың жұмыстан шығарылғанын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети