Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 июля 2020 13:08

Аймағамбетов қашықтан оқытуға түсіністікпен қарауды сұрады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: keepasking.com Фото: keepasking.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды қашықтан оқыту туралы шешімге түсіністікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды қашықтан оқыту туралы шешімге түсіністікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен басшы коронавирус пандемиясы кезінде қашықтан оқыту маңызды болғанын түсіндірді.

"Үшінші тоқсан мен төртінші тоқсанның арасында үлкен үзіліс бар, ал оқу бағдарламасындағы тақырыптар бір-бірімен тығыз байланысты. Осыған байланысты үлкен үзіліс жасай алмадық. Сондықтан біз не болса да оқыту бағдарламасына үзіліс жасамау маңызды деген шешімге келдік. Себебі, балалардың білім алуы маңызды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр қашықтан оқыту барысында кемшіліктер болғанын ашық жеткізді.

"Әрине, оқу барысында кемшіліктер болды. Біз үлкен сабақ алдық, кемшіліктерді көріп отырмыз. Қазіргі таңда осы мәселелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерге алғысын айтты.

"Біріншіден, ол (қашықтан оқу - автор) педагогтерге не берді? Мен оларға алғысымды білдіремін. Олар қысқа уақыт ішінде жаңа дағдыларға ие болды, жаңа технологияларды игерді. Олардың басым бөлігі Zoom-ның не екенін, Microsoft PowerPoint бағдарламасымен және басқа да технологиялармен қалай жұмыс істеу керегін білмейтін. Алайда қысқа уақыт аралығында біздің тарапымыздан түсіндіру, оқыту жұмыстары жүргізілді, видеороликтер түсірілді. Нәтижесінде педагогтер оның барлығын тез үйреніп кетті", - деді министр.

Екіншіден, Аймағамбетов көптеген баланың қашықтан оқуға бейімделгенін атап өтті.

"Біреулерге өте қиын болды. Алайда балалар өздігінен жұмыс істей алатын болды. Қоғам педагогтің рөлін түсінді, кез келген адамның тақтаға шығып, баласына сабақты түсіндіре алаймытынын білді. Педагогтің мәртебесі және қоғамдағы педагогтің рөлі осы кезеңде анық көрінді... Менің ойымша, бұл шешім (қашықтан оқыту - автор) жүйелі, дұрыс болды. Біз білім беру сапасына үлкен зиян келмеуіне жол берген жоқпыз", - деді ол.

Сонымен қатар, министр дәстүрлі білім беру жүйесін қолдайтынын, бірақ қазір оған мүмкіндік жоғын жеткізді. Осы орайда ол қазақстандықтарды қашықтан оқыту туралы шешімге түсіністікпен қарауды сұрады.

"Әрине, мен дәстүрлі білім беруді қолдаймын. Неге? Себебі, дәстүрлі білім беру форматы терең білімге, әлеуметтендіруге баулып, тағы басқа мүмкіндіктер береді. Сондықтан біз дәстүрлі форматты қолдаймыз. Бірақ қазір таңдауға мүмкіндік жоқ. Қазір ең маңыздысы - балаларымыз бен педагогтеріміздің амандығы. Сондықтан 1 қыркүйектен бастап, қашықтан білім беруге көшеміз. Мен барлығыңыздан бұл шешімге түсіністікпен қарауды сұраймын", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, осыған дейін үкімет отырысында білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі мектептерде қашықтан оқытуға кеңес берді. Ал үкімет басшысы 42 500 теңгені нақты кімдер алатынын айтты.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылатынын және мұқтаж жандарға 42500 теңге берілетінін айтқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети