Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 сентября 2021 12:59

"Балабақшаны улап жатыр". Қазнетті дүрліктірген 5 фейк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қазақстандықтарды дүрліктірген түрлі фейк тарап жатыр. Оның ішінде көбі вакцинацияға, "улауға" қатысты болып отыр. Бірақ көп фейк жоққа шығарылды. Tengrinews.kz тілшісі Қазнетте тараған фейктерді жинады. 


Желіде қазақстандықтарды дүрліктірген түрлі фейк тарап жатыр. Оның ішінде көбі вакцинацияға, "улауға" қатысты болып отыр. Бірақ көп фейк жоққа шығарылды. Tengrinews.kz тілшісі Қазнетте тараған фейктерді жинады. 

"Балабақшаны улап жатыр" - фейк

Әлеуметтік желіде балабақшадағы "улау" сәті түсірілген видео жарияланды. Баласының затын алуға келген ана балабақшадағы дезинсекция жұмысының үстінен түскен. Оны бірден видеоға түсіріп алған. 

Оқиға Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған. Видеода балабақша қызметкері әйел адамға бұл жәндіктерден дезинсекциялау жұмыстары екенін түсіндіруге тырысқан. Алайда ата-ана ашуға булығып, "олар балаларды улап жатқанын" айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ?? (@dauletten)

Құлсары қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжансара Қалиқызының сөзінше, бұл расында дезинсекциялау жұмысы болған. Бірақ дезинсекциядан балалар уланбайды. 

"Қазіргі ахуалға байланысты халық мұны теріс түсініп жатады. Білім беру ұйымдарын дезинсекциялау, залалсыздандыру бұрыннан келісімшартпен жүргізіледі. Ол жерде залалсыздандыру жұмыстары балалар кетіп қалғаннан кейін, бәрін үйіне жібергеннен кейін жүргізіледі. Ал видеода жүрген балалар затын ұмытып кеткен тәрбиешінің балалары. Олардың да балалары сол балабақшаға барады. Адам болғаннан кейін бір затын ұмытып кетеді ғой. Осылайша дау шығарған ата-ананың түсірген видеосына түсіп қалған. Бірақ негізі балабақшада ешқандай бала болмады", - деп түсіндірді Гүлжансара Қалиқызы. 

Ол балаларды улап жатсыңдар деп шу шығарған ата-аналардың видеосына да жауап берді. 

"Кейінгі кезде вакцина, аурудың тарауына байланысты бір адамды кінәлай салады ғой. Оның ішінде, мемлекет, үкімет, меморгандарды кінәлап жатады. "Улап жатсыздар" деген әңгімелер айтылады. Бірақ ол жерде біздің қызметкерлердің де балалары жүр ғой. Өзіңіз ойлап қараңызшы, олар баласын улатып қоя ма? Тәрбиешінің де, шаруашылық қызметкерінің де баласы сол балабақшаға барады", - деді ол. 

"Павлодарда вакцинадан бас тартқандарға зейнетақы бермейді" - фейк

Таяуда Қазнетте Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқан зейнеткерлерді төлемдерден айырамыз деп қорқытқаны туралы жазба жарияланды. 

"8 қыркүйекте Павлодар облысы Жаңа қала аулының зейнеткерлерін вакцина салдыруға мәжбүрлеген. Әйтпесе, зейнетақыны бермейміз деп қорқытқан. Бұл заң қайда жазылған?", - делінген Желіде тараған хабарламада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Olzhas Baikanov (@oljazz_baikanov)

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство хабарына қарағанда, зейнеткер COVID-19-ға қарсы екпені ерікті түрде сала алады және одан бас тартқаны үшін зейнетақы төлемдерінен айырылу қаупі төніп тұрған жоқ.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

"Оқушыларды алдап, вакцинация келісіміне қол қойдырады" - фейк

Желіде оқушыларға мәжбүрлеп вакцина салдыруға қатысты фейк толып жатыр. Мысалы, оқушылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысып жатқанына балалардың ата-анасы алаңдап отыр. Кейбірінің пікірінше, мұндай нұсқаулықпен танысуға қол қойған кезде вакцинаға келісім берген болуы мүмкін.

"Ең қорқыныштысы, балаларды осы "нұсқаулықпен" келіскені туралы бланкілерге қол қойдырып жатыр. Ертең балаларға білім ұйымында медициналық көмекке келіскені туралы қол қойдыруы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Бірақ Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың алаңдаушылығын сейілтті. Ведомство хабарына қарағанда, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқанын растайтын қолтаңбаны оқушылар жеке бланкіге емес, арнайы журналға қояды. Сонымен қатар, нұсқаулықты өткізу оқушылардың құқығын бұзу болып саналмайды.

"Нұсқаулықты өткізу туралы міндетті түрде Кіріспе нұсқамалық тіркеу журналына жазылады. Әрбір нұсқама кезінде журналды толтыру міндетті болып табылады. Бұл ретте журналдағы жазбаларда нұсқаушы мен білім алушылар туралы ақпарат, нұсқаманы өткізу күні мен тақырыбы және нұсқаушы мен оқушылардың қолдары болуы тиіс. Журналдағы ақпарат ата-аналардың құқығын бұзбайды, өйткені оқушының қолы оның әртүрлі жағдайларда қауіпсіз әрекет ету шараларымен таныс екенін растайды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

"Қазақстанда балаларды өлтіру стандартын енгізу жоспарланып отыр" - фейк

Балаларға қатысты халықты дүрліктірген тағы бір фейк бар. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде елімізде "балаларды өлтірудің қандай да бір стандартын" енгізу жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады. Ондағы мәлімет бойынша, жоба мақұлданса, онда кез келген ата-анадан баланы еш себепсіз заңды түрде тартып алып, оған медициналық тәжірибелер жүргізілуі мүмкін делінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Белла Филимонова (@bellafilimonova_krg)

Бұл жерде "Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау және оған медициналық қызметкерлердің әрекет етуі бойынша операциялық процедураның стандарты" жайлы айтылып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның медициналық тәжірибеге де, кісі өлтіруге де қатысы жоқ.

"Стандарт ұсынымдық сипатқа ие. Құжаттың негізгі қағидаты - баланы отбасында сақтау. Денсаулық сақтау туралы кодекске сәйкес баланы вакцинациялау тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі", - деді министрлік өкілдері.

Құжатты мына жерден оқуға болады. Онда "медициналық тәжірибелер" деген сөз жоқ, баланы өлтіруге де қатысты ештеңе жазылмаған. 

"Маңғыстауда атом электр станциясы салынады" - фейк

Вакцинадан бөлек, елімізде атом электр станциясы туралы ақпараттар да қызу талқыланып жатыр. Оның ішінде фейктері де бар. Мысалы, Желіде Маңғыстауда атом электр станциясын салу жоспарланғаны туралы ақпарат пайда болды. 

"Маңғыстауға АЭС салынады деп жатыр. Елге Ресей мен Қытайдан қауіп төніп тұрғанда, іштегі өз билігінің былығын көріп тұрып, оны естіп біліп отырып өлкеміздің елге танымалдылары, саясаткер, ел жанашырлары, ауылдың ақсақалдары, ақын, жазушы т.т зиялы деген қауымы қайда? Қалай тыныш жатып тамағыңыздан ас өтіп жатыр?" - деп жазған Желі қолданушысы. 

Бұл ақпаратты өңірлік қоғамдық коммуникация орталығы жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

"Президент Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына елімізде бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар бұл тапсырманы жан-жақты пысықтап жатыр. Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деді Қоғамдық коммуникация орталығының өкілдері.

Материалда StopFake сайтының мәліметтері қолданылды

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети