Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 января 2024 16:48

Баланың есте сақтауын қалай жақсартамыз? Қазақстандық логопед бірнеше тиімді жаттығу ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: freepik Фото: freepik

Нейрогимнастикалық жаттығулар адамның оң және сол жақ миының қатар дамуына септігін тигізеді. Екі қолмен бірге жұмыс істеу ми жұмысының жақсы дамуына ықпал етеді. Оған қоса, нейрогимнастикалық жаттығулар кәдімгі гимнастика сияқты физикалық тұрғыда адамға пайдасын тигізеді. Нейрогимнастикалық жаттығуларды жүйелі түрде орындау мидың өнімділігін артырады. Логопед Шәйкенова Назгүл Серікқызы есте сақтауды және ми жұмысын жақсартатын бірнеше пайдалы жаттығу ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бұл жаттығулар тек балаға емес, ересектерге де пайдалы. Мысалы, бала үй тапсырмасын орындап отырған кезде, оны сергіту үшін осы жаттығуларды орындатсаңыз болады. Сондай-ақ өзіңіз де жұмыста миыңызды іске қосу үшін оларды жасауға болады.

Нейрожаттығу

"Аш-жұм"

Жаттығу екі қолмен жасалады, бір қол ашық, екінші қол - жұдырық. Екеуін алмастыра отырып, жұдырық-алақан көрсетеді, оны үстелдің үстінде жасауға да болады.

"Жұдырық-қабырға-алақан"

Бала үстелге екі қолмен бірдей бірінші жұдырықпен, сосын алақан қырымен қойып, үшінші алақанмен қойып ұрғылайды. Бастапқыда асықпай, кейін жылдам темппен жасау керек.

"Допты домалату"

Ақ қағазға сызық-белгілерді (жоғары-төмен, сол жағында жоғарыға қарай, оң жағында дөңгелек) салып, баланы үстелге отырғызып, бір уақытта екі қолмен суреттегі схема бойынша кішкентай допты немесе шарикті алақанмен жүргізу. Жоғары – төмен, қиғаш, сол қол – жоғары-төмен қозғалыспен, оң қол – айналдыра отырып қимылдар жасайды.

Кубикпен ойын

Үстелдің үстіне екі қатарға ұзына 4-5 кубикті тізіп жол салып қоясыз. Бала екі қолмен бір уақытта тізілген кубиктерді сәйкес кесеге салу керек, яғни түсіне байланысты. Екі түсті алсаңыз (қызыл, сары) тізбекті түсті кубиктерге сәйкес орнын араластырып қойсаңыз, тіптен, қызық. Бір жолда ұқсас түсті кубиктер болса қолын ауыстырмай салады. Әр түрлі кубиктер болса, қолдарын айқастыра отырып салу қажет. Кубик көп болған сайын, тізбек жол неғұрлым ұзын болса, ойын соғұрлым қиындай түседі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети