Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 декабря 2020 11:38

"Бәрі дұрыс жоспарламағаннан басталады". Мәжілісте жас министр сынға қалды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабар 24 видеосынан кадр Хабар 24 видеосынан кадр

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік сатып алулар бойынша заң актілеріне түзетулер енгізу туралы заң жобасын таныстырды. Алайда депутаттар Үкімет мүшесінің даярлығы нашар деп сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік сатып алулар бойынша заң актілеріне түзетулер енгізу туралы заң жобасын таныстырды. Алайда депутаттар Үкімет мүшесінің даярлығы нашар деп сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз мұнда заң жобасын алып келдіңіз, атауының өзіне қараңыз: "мемлекеттік сатып алу мәселелері жөнінде". Мақсаты мен міндеттерін сіздерге Мемлекет басшысы айтып берді - практиканы жақсарту бойынша өзгерістер енгізу. (...) Қаржы министрі не істеп отыр? Бұл мақсатқа жететін бірде-бір сөзі жоқ құжат енгізіп тұр. Мұнда депутаттар оған бәрін түсіндіріп, жазып берді, енді ол мінберге шығып, сол нормаларды оқып тұр. Бұл жұмысты қалай атқарып жатырсыз? Депутат сапасыз жоспарлау деп мәселені дұрыс көтерді. Сіз министр ретінде ойлануыңыз керек. Сіз және экономика министрі. Бюджет сайын келесіз, сізге сол баяғы ескертулер айтылады. Бәрі дұрыс жоспарламағаннан басталады.

Және мынадай сұрақ туындайды, Ерұлан Кенжебекұлы, сіз бұл мәселеде мүдделі емессіз бе? Мен сіз деп жеке өзіңізді айтып тұрғаным жоқ, Қаржы министрлігі және шенеуніктеріңіз. Өйткені бұл дұрыс жоспарламау - кейін Ловить рыбу в мутной воде. Шенеунік үшін мемлекеттік сатып алу туралы конкурсты болмай қалды деп жариялап, бір көзден сатып алу арқылы келісімшарт жасау оңай. Осылайша өз компанияларыңызды өзіңізге керек нәтиже үшін айдарынан тартып жүресіздер", - деді Нұрлын Нығматулин. 

Мәжіліс спикері мұндайға жол бермеу керегін айтты. Министр депутаттардың сынымен келісті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети