Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 июля 2020 10:04

Бас мүфти қазақстандықтарды жаназа кезінде карантин талаптарын сақтауға шақырды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы COVID-19 індеті кезінде мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы COVID-19 індеті кезінде мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды жаназа кезінде карантин талаптарын сақтауға шақырды.

"Қымбатты отандастар, қадірлі жамағат. Қазір бізге керек мәселе - түсінікпен қарап, карантин талаптарын орындау. Қазақтың салтында тойға бару, тойда тілек айту, адам дүниеден өткен кезде топырақ салу деген дәстүр бар. Бірақ қазіргі таңда осы дәстүрлерге түсіністікпен қарап, одан да маңызды - адам өмірі екенін біліп, осыған көңіл бөліп, адамның амандығына барынша барлығымыз үлес қоссақ.

Тілек тілеп, шамамыз келгенше ел амандығын Алладан сұрайық. Қазіргі үкіметтің қойған талаптарын орындайық. Адам көп жерге бармаңдар деп жатыр. Жиындарды уақытша өткізбеңдер деп жатыр. Осыны елдің амандығы үшін сақтайық, сақтанайық", - деді бас мүфти ОКҚ онлайн-брифингте.

Сондай-ақ егер карантин уақыты ұзартылса, Құрбай айт мерекесіндегі айт намазы мешітте оқылмайды. Құрбандық шалуды қашықтан орындауға болады.

Еске салайық, биыл мұсылман күнтізбесі бойынша 30 шілдеге Арапа, 31 шілде, 1-2 тамызға Құрбан айт мерекесі сәйкес келіп тұр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы COVID-19 індеті кезінде мәлімдемесін жариялады. 

Еліміздің мұсылман қауымын Жаназа намазы мен Құдайы астарға барудың мына ережесін сақтауға үндейді:

Жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға:

- Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуына;

- Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына;

- Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмауға;

- Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауына;

- Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтауға;

Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жууға;

- Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмауға;

- Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспауға;

- Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтауға;

- Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтаруға;

- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспауға;

- Қонақ асын өткізбеуге;

- Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелуге.

 Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптарды орындауға:

- Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелуге;

- Бір ғана діни қызметкердің қатысуына;

- Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтауға.

Қазақстанда эпидемия кезінде барлығы 42 574 адам коронавирус жұқтырған. 14 777 науқас аурудан жазылса, 188 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети