Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 ноября 2020 16:52

Бас санитар дәрігер қай өңірлерде ауру жұқтыру өсімі байқалғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Еліміздің барлық өңірінде коронавирус жұқтырғандар көбейді. Ел бойынша ауырып қалғандардың жартысы ШҚО-да тіркеліп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы екі аптада ел аймақтарында коронавирус жұқтырып, ауырып қалғандар көбейді. Өткен аптамен салыстырғанда 1,7 есе көбейді. Республика бойынша ауырғандардың 45 пайызы Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының үлесі. Ауру жұқтырғандар Қостанай облысында 4 есе, БҚО-да 3,2 есе, Павлодар облысында 2,7 есе өскені байқалып отыр. Бүгінде аталған өңірлерде шектеу шаралары күшейтілді", - деді бас санитар дәрігер ОКҚ онлайн-брифингте.

Вице-министр бірқатар өңірде елді мекен арасында блокбекет қойылғанын және бірқатар нысанның жұмыс кестесі шектелгенін де атап өтті.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 118 491-ге жетті. 108 632 науқас жазылды, 1899 адам көз жұмды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети