ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
04 февраля 2020 | 14:51

Бес қыздың қазасына 1 жыл. Министр елдегі жағдайды бір оқиға қалай өзгерткенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда бес қыз қаза тапқан үй. © Тұрар Қазанғапов Нұр-Сұлтанда бес қыз қаза тапқан үй. © Тұрар Қазанғапов

Осыдан тура бір жыл бұрын Нұр-Сұлтанда жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан болатын. Сол оқыс оқиғадан кейін елде көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын түзеу талабы күшейді. Министр Біржан Нұрымбетов бұл оқиғадан кейін мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көзқарас қалай өзгергенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Осыдан тура бір жыл бұрын Нұр-Сұлтанда жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан болатын. Сол оқыс оқиғадан кейін елде көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын түзеу талабы күшейді. Министр Біржан Нұрымбетов бұл оқиғадан кейін мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көзқарас қалай өзгергенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов сол оқиғадан кейін бір жыл ішінде көпбалалы отбасылардың жағдайына қатысты проблема қалай шешіліп жатқанын баяндады.

"Былтыр қыз балалардың қайтыс болуы өте ауыр жағдай. Жасырмау керек. Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көзқарас өзгерді. Бір жылдың ішнде не өзгерді? Біріншіден, өткен жылдың бірінші сәуірінен бастап, атаулы әлеуметтік көмекті төлеу шарттары өзгерді. Себебі, кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы болса, оны 70 пайызға дейін өсірді. Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларың саны 4,5-5 есеге көбейді. Оған бөлінген қаражаттың көлемі 7-8 есеге артты. Осылайша, халыққа көбірек көмек көрсетілді", - дейді ол.

Министрдің сөзінше, басқа министрлік тарапынан тұрғын үй мәселесі бойынша көпбалалы аналардың кезегін бөлек шығарды.

"Біз олардан алған мәлімет бойынша, өткен жылы 8,5 мың көпбалалы ана пәтерге ие болды. Оның ішінде 1 мыңнан астамы демеушілердің арқасында. Оған қосымша, жылдың соңында "Бақытты отбасы" деген жобаны тұрғын үй банкі енгізіп жатыр. Онда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 2 пайызбен 20 жылға алғашқы салымы 10 пайыз көлемінде ипотека енгізді", - дейді Нұрымбетов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар халықтың жағдайын жақсартқанын айтады.

"Атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылы 38 миллиард теңге болса, оның мөлшері 240 миллиард теңгеге жетті. Сондықтан жағдайы төмен, қиын жағдайдағы халыққа мемлекет тарапынан берілетін төлемдер ұлғайды. Былтырдың өзінде 136 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып, жағдайы дұрысталып, қиын өмірлік жағдайдан шыға білді", - деді ол.

2019 жылы 4 ақпанға қараған түні елордадағы Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде қайғылы оқиға болған. Сол өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес қыз қаза тапқан еді. Өрт болған кезде қыздардың ата-анасы жұмыста болған. 

Астанада өрттен қаза тапқан қыздар ақтық сапарға аттанды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети