29 октября 2018 | 22:37

Бір қолынан айырылған әйел алты жыл бойы 640 теңге өтемақы алған

видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Өндірістегі жарақаттың өтемі қандай?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Өндірістегі жарақаттың өтемі қандай?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмыс барысында оң қолынан айырылып, өтемақысын ала алмай жүрген Әлия Досмұханова басынан өткен жағдайды мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

"28 сәуір болатын, туған күнімнен кейін алты күн өткен еді. 32-ге толдым. Күндіз өнімдерді таратады, ал біздің жұмыс кешкі уақытта болатын. Кешкі ауысымға түстім. Макарон турайтын аппарат жан-жаққа ұнды шашыратып жатыр, менің қателігім сол ұнды қайтадан аппаратқа салайын дегенімде болды. Негізінде оны қоқысқа тастау керек. Оң қолыммен салып жатқанымда, саусағымды іле кетті де жанталасып қолымды тартқылай бастадым. Аппарат өзі кішкене ғана. Алайда қолымды иығыма дейін тартып кетті. Сол кезде көмек шақыра бастадым. Көрші бөлмеде наубайханада жұмыс істейтін қыздардың бірі жүгіріп келіп, мына жағдайды көргенде шыңғырып жіберді де есінен талып қалды. Бөлменің ішінде қан төгіліп жатыр. Мен болсам, ана қыз үшін алаңдап, арғы бөлмеге апарыңдар, мына сұмдықты көрмесін деймін. Қандай да бір ауыртпалықты еш сезген жоқпын", - дейді Әлия Досмұханова. 

Әлия Досмұханова алты жыл бойы 640 теңгеден өтемақы алғанын айтады. 

"1999 жыл болатын, мен 5 мың теңге жалақыға жұмыс істедім. Заңды түрде өтемақы ретінде 640 теңге беріп тұрды. Сол кездегі заң бойынша, өндірісте жарақат алып, мүгедек болып қалған жандарға үш жылдық табысын береді екен. Маған ескі бір "Волга" автокөлігін берді. Сонымен жапты. Алты жыл бойы 640 теңге алып келдім", - дейді Әлия Досмұханова. 

ҚР кәсіподақ федерациясы еңбек даулары мен еңбекті қорғау секторының меңгерушісі Дәрмен Сәкеновтың айтуынша биылдың өзінде бір мыңнан аса адам өндірістік жарақат алған. Оның 150-і қаза тапқан. Сондай-ақ алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы жайлы баяндады.  

Бағдарламаның қонағы болған Маруся Әшірова құрылыста жүріп, 13-қабаттан құлап қаза тапқан күйеуінің оқиғасы жайлы айтып берді. 

"Негізі өзі биология пәнінің мұғалімі болатын. Тоқырау заманы болды, білесіздар. Астанаға көшіп келіп жаттық. Мұғалімдердің жалақысы тым аз. Қолынан барлығы келетін, шебер еді. 2000 жылдары құрылысшы болып бастады. 2016 жылға дейін осы Астанадағы керемет те зәулім ғимараттардың салынуына атсалысып, өз қолтаңбасын қалдырды. Құрылыс орнында 13-қабатта жұмыс істеп жатқан. Вентиляциялық шахта жабылмаған, сол жерден жетінші қабатқа құлап, 51 жасында қайтыс болды", - дейді Маруся Әшірова. 

Жесір қалған Марусяның айтуынша, құрылыс компаниясы жерлеу рәсімі кезінде ғана көмектескен. 

"Құрылыс компаниясы жерлеу рәсіміне көмектесті. Бір миллион теңге көлемінде берді. Өзіміздің үш бала, ағам мен жеңгем қайтыс болып, олардың үш баласын қамқорлығымызға алдық. Інімнің екі баласын да қарадық. Қазіргі уақытта ұлды ұяға, қызды қияға қондырдық. Алайда жолдасым осы қызықты көре алмай кетті. Бүгінде қолымда ұлым мен келінім және інімнің қызы бар. 

Бағдарламаға келген заңгердің айтуынша, сот шешімі шығарылған сәтте шағым түсіру керек, Маруся уақыт оздырып алғанын айтады. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная