Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 апреля 2024 11:04

"Бір көргеннен жаттап аламын". Президенттерге пародия жасаған жігіт кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Massaget.kz Коллаж: Massaget.kz

IT саласында жұмыс істейтін Мәди Ибрай бос уақытында әлеуметтік желісіне пародяилар түсіреді. Ол әйгілі актерлер мен әлемдік лидерлердің қимылын айнытпай салып, көпшілікті таңғалдырып жүр. Massaget.kz тілшісі жас актермен сұхбаттасып көрді.


IT саласында жұмыс істейтін Мәди Ибрай бос уақытында әлеуметтік желісіне пародяилар түсіреді. Ол әйгілі актерлер мен әлемдік лидерлердің қимылын айнытпай салып, көпшілікті таңғалдырып жүр. Massaget.kz тілшісі жас актермен сұхбаттасып көрді.

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

- Мұндай өнеріңіз барын қайдан білдіңіз?

Өзім Шымкент қаласының тумасымын. Астанаға көшкеніме 10 жылдан асты. Осы қалада жоғары білім де алдым. Өз бойымдағы қасиетті мектеп жасымнан біле бастадым. Жалпы, талантымның ашылуына жақын туған-туысқандарым мен өнерде жүрген әпкелерім де өз үлесін қосты. Одан бөлек, өзім шетел өнері мен киносына қатты қызығамын.

Фото: жеке архив

- Қазақстанның және әлемнің бірнеше президентттерінің жүрісін салдыңыз. Көп қаралым жинағанда қандай әсерде болдыңыз?

Президент жүрісінен бұрын, шетелдік актерлерге пародия жасаған бейнелерім бар. Олар көп қаралым жинап, тосын нәтиже берді. Президенттердің жүрісіне пародия жасаған кезде ойланып барып кірістім. Әрине, жай-пай әзілден бөлек, жауапкершілік сезімі болды. Бірақ қатты қорқып, қобалжығаным жоқ. Бұл видео Tiktok-та 20 миллионан астам қаралым жинады. Алайда, одан бөлек те көп қаралым жинаған пародияларым бар.

@mahdi.ibray Walking Presidents #fyp #foryou #president ♬ original sound - madi.ibray

- Пародияларды жасау үшін арнайы жаттығу жасайсыз ба?

Актерлерге пародия жасау үшін күнде жаттықпаймын. Өзімнің жақсы көретін актерлерім бар, оларды іс-қимылын жасау аса қиындық тудырмайды. Себебі, менде адамды бір көргеннен жүріс-тұрысын тез қабылдап алатын қабілетін бар.

@mahdi.ibray bunlar tanıdığım iki türk aktör (ve favori) #kenanimirzalioglu #burakozcivit ♬ original sound - madi.ibray

- Киану Ривздің қимылын жиі қайталайсыз...

Пародия көбіне Киану Ривзге жасаймын. Ол кісі сүйікті актерім. Онымен байланыстарын нәрсе – адамгершілік деп ойлаймын. Өзінің танымал әрі бай болғанына қарамастан, қарапайым және жомарт адам. Сондай актер болсам деймін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madi Ibray (@mahdi.ibray)

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети