Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 августа 2020 18:01

Бір тәулікте коронавирустан 33 адам қайтыс болды. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 93 мыңнан асты. Соңғы бір тәулікте 33 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, Желіде коронавирустан "емдейтін" қызылордалық әйелдің видеосы талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі 4 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 93 мыңнан асты. Соңғы бір тәулікте 33 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, Желіде коронавирустан "емдейтін" қызылордалық әйелдің видеосы талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі 4 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус жұқтырғандар 93 мыңнан асты

Елімізде өткен тәулікте 1158 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде 555 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 220 / 108
Алматы қаласы - 178 / 96
Шымкент қаласы - 31 / 26
Ақмола облысы - 56 / 34
Ақтөбе облысы - 5 / 0
Алматы облысы - 52 / 29
Атырау облысы - 35 / 22
Шығыс Қазақстан облысы - 124 / 46
Жамбыл облысы - 47 / 12
Батыс Қазақстан облысы - 61 / 34
Қарағанды облысы - 90 / 23
Қостанай облысы - 57 / 42
Қызылорда облысы - 42 / 28
Маңғыстау облысы - 25 / 18
Павлодар облысы - 67 / 27
Солтүстік Қазақстан облысы - 51 / 4
Түркістан облысы - 17 / 6.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 93 820-ға жетті. Оның ішінде 65 132 науқас аурудан жазылған. Сондай-ақ, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1091-ге жеткенін мәлімдеді. Соңғы бір тәулікте 33 адам қайтыс болған.


© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов 

Қазақстандық вакцина туралы қандай хабар бар?

Бүгіннің басты жаңалықтарының бірі - коронавирусқа қарсы вакцина. Ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайтынын айтты.

Қазақстандық вакцина наурыздың соңынан бері әзірленіп жатыр.

"Мамырда оны тіркеу үшін ДДҰ-на жіберілді. Мемлекеттің тапсырысы - ғылыми-техникалық бағдарлама, біз бес вакцинаны әзірлеуді ұсындық", - дейді Лесбек Күтімбетов.

Ол әзірленген вакциналар бірнеше түрге бөлінетінін айтты: белсенді емес вакцина, қосалқы вакцина, екі векторлы вакцина, тірі вакцина.

Лесбек Күтімбетовтің сөзінше, қазір тек белсенді емес вакцина дайын, қалғандары бойынша жұмыс жасалып жатыр. Маман белсенді емес вакцина клиникаға дейінгі тәжірибеден өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, жануарларға жүргізілген зертханалық сынақтар сәтті өтті. Қазір зерттеу маймылдар тәжірибеден өтіп жатыр. Онымен қоса, вакцина Алматыдағы сараптама орталығында тексеріледі.

Маман вакцинаны өзіне де салдырғанын, ешқандай кері әсер болмағанын айтады. Күтімбетовтің сөзінше, қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды.

Коронавирустың "емін" тапқан қызылордалық

Қызылорда тұрғыны коронавирус пен пневмония жұқтырғандарды "емдеудің" ерекше әдісін тапты. Әлеуметтік желіде тұрғынның "емдеу" әдісінің видеосы жарияланды. Оны Facebook-тегі парақшасына Жазира Бегалы жүктеді. Оның айтуынша, желіде "емшінің" жарнамасы жарияланыпты.

"Қызылорлық емші барлығын пневмониядан жазуға уәде беріп отыр. Адамдар оның аяғына жығылып жатыр. Алғашында барлығы зінбір, лимон, қойдың майы үшін төбелессе, қазір олар емшілерге барып жатыр", - деп жазды Жазира Бегалы.

Видеодан бірнеше адамның етпетінен жатқанын көруге болады. Белгісіз әйел адам емделуге кеше келгенін, бүгін жөтелі басылғанын айтады.

Кейін белгісіз әйел видеоға "емшінің" өзін түсіреді. Ол адамдардың аяғы мен арқасын ұйқалап, пневмониядан жазатынын айтады. "Емші" Қазақстан тұрғындарын өзіне келіп, емделуге шақырады.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл факті бойынша полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін, қазір "емші" адамдарды қабылдамайтынын жеткізді.

Қанша қазақстандық 21250 теңге алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда бүгінге дейін 2 миллион 158 мың адам 42 500 теңге біржолғы төлем алған.

"4 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 миллион 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 142 мың қазақстандыққа аударылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 799,6 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі - ЕТЖ) - 21 250 теңге тағайындалды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қазақстандық үш балуан жол апатынан қайтыс болды

Бүгін қазақстандық үш балуан жол апатына түсіп көз жұмғаны хабарланды.

Жол апаты 3 тамызда Жамбыл облысындағы тасжолда болған. Жақсыбек Қарабалаев және Байбазар Жанбота апат болған жерде, сондай-ақ ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болған.

Бұл туралы Қазақстанның күрес федерациясы Instagram парақшасында жазды.

"Бұл қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған... Еркiн күрес балуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар жол апатынан қайтыс болды.

Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес бала) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ильяс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Ал Заутбек Нұрдәулет пен Мұхаметкалиев Шыңғысхан өмiрi үшін күресiп жатыр. Алла тағала оларға шипа, күш-қуат берсін. Дұғада болайық", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan_wrestling (@kazakhstan__wrestling)

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети