Дәрігер болғым келеді - ҰБТ-дан 140 балл жинаған сарыағаштық түлек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қасымжан Жұбай Қасымжан Жұбай

Ұлттық бірыңғай тестілеуден әзірше ең жоғары баллды Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Қасымжан Жұбай алды. Ол ҰБТ-дан 140 балл жинап алтын белгісін қорғап шықты. 2019 жылғы түлек биология және химия пәндерін таңдаған. Енді медицина факультетіне оқуға түскісі келеді екен. Tengrinews.kz тілшісі Қасымжан Жұбаймен әңгімелесті. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық бірыңғай тестілеуден әзірше ең жоғары баллды Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Қасымжан Жұбай алды. Ол ҰБТ-дан 140 балл жинап алтын белгісін қорғап шықты. 2019 жылғы түлек биология және химия пәндерін таңдаған. Енді медицина факультетіне оқуға түскісі келеді екен. Tengrinews.kz тілшісі Қасымжан Жұбаймен әңгімелесті. 


Анасымен

Қасымжан - Сарыағаш тумасы, Бейімбет Майлин атындағы № 37 орта мектебін тәмамдап отыр. Ол тестілеуге дайындықты 10-сыныптан бастаған. 

"9-сыныптан бастап биология, химия пәндерін бейінді оқи бастадым. ҰБТ-да мақсатым 140 балл жинау болды. Қорыққаным жоқ. Мен үшін барлық пән бірдей жеңіл болды. Әсіресе Қазақстан тарихы, себебі анашым мектепте осы пәннен сабақ береді. Жақсы дайындалдым. Тестілеуде соңына дейін отырдым, жауаптарымды қайтара тексеріп үлгермедім. Сұрақтардың барлығы мектеп оқулығынан келді. Тестілеуден кем дегенде 135 балл жинаймын деп ойладым, нақты қанша екенін білмедім. Үйге келген соң есімде қалған, күмәнданған сұрақтарды кітаптан қарадым", - дейді ол. 

Қасымжан Жұбайдың отбасында үш адам тұрады екен. Анасы, інісі және өзі. 9 жасында әкесі қайтыс болған. Ендігі Қасымжанның мақсаты Алматыға оқуға түсу. 

"С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне түскім келеді, жалпы медицинаға. Нақты қай бағыт екенін оқу барысына қарай кейін таңдаймын", - дейді түлек. 

Оның айтуынша, тестілеуге дайындық уақытында спортпен айналысқан өте пайдалы. Өзі дзюдоға қатысқан екен және шахматтан Сарыағаш ауданы бойынша жүлделі болыпты. 

"Тек оқу керек. Мақсатың айқын болсын. Ата-ананың үмітін ақтауға тырысу қажет. Тек жақсы ойлап, адамдардың ризашылығын алған қандай керемет. Дайындық барасында спортпен айналыссаң, миға көмектеседі. Өзім футболды жақсы көремін. Дұрыс, пайдалы тағамдарды да жеу керек", - деген ол "Реал Мадрид" командасының жанкүйері екенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 14
Астана 4
Актау 21
Актобе 20
Атырау 23
Б
Балхаш 11
Ж
Жезказган 6
К
Караганда 3
Кокшетау 8
Костанай 19
Кызылорда 5
П
Павлодар 1
Петропавловск 5
С
Семей 15
Т
Талдыкорган 18
Тараз 20
Туркестан 24
У
Уральск 6
Усть-Каменогорск 21
Ш
Шымкент 8

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro