Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 мая 2021 14:38

Дәрігерлер Шарын шатқалындағы апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

29 мамырда Шарын шатқалында болған апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


29 мамырда Шарын шатқалында болған апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"11 жастағы қызды 31 мамырда Төтенше жағдай қызметкерлері алып келді. Баланың келген кездегі жағдайы орташа ауырлықта болды. Қабылдау бөлімінде мамандандырылған көмек көрсетіліп, Нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Бүгінде баланың жағдайы бірқалыпты, емін жалғастырып жатыр.

Келген кездегі диагнозы: мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, орташа ауырлықтағы гипотермия, қолы және аяғының көп жері соғылған. Бала 7-10 күннің аралығында ем қабылдайды. Ешқандай операция жоспарланып отырған жоқ. Жағдайы тұрақты", - деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова. 

Еске салайық, 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде сел жүргені хабарланған болатын. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін қаза тапқан екі адамның оқушы мен мұғалім екені анықталды.

Бұған дейін Қазақстан ТЖМ өкілдері Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың табылғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети