Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 января 2020 13:27

Дене шынықтыру мұғалімі, прораб, геолог. Облыс әкімдері еңбек жолын кім болып бастаған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы күндері желіде ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Ерлан Оразбайдың бұрын даяшы болып жұмыс істегені қызу талқыланып жатыр. Бұған дейін порталымызда министрлердің еңбек жолын қай мамандықпен бастағаны туралы материал жарияланған. Ал бұл жолы Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдерінің еңбек жолын кім болып бастағанына шолу жасады.


Соңғы күндері желіде ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Ерлан Оразбайдың бұрын даяшы болып жұмыс істегені қызу талқыланып жатыр. Бұған дейін порталымызда министрлердің еңбек жолын қай мамандықпен бастағаны туралы материал жарияланған. Ал бұл жолы Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдерінің еңбек жолын кім болып бастағанына шолу жасады.

Өмірзақ Шөкеев - кіші ғылыми қызметкер


Өмірзақ Шөкеев. ©Тұрар Қазанғапов

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы12 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келген. Былтыр 26 ақпанда Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалған. Болашақ әкім Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын "Экономист-математик" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шөкеев 22 жасында ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып жұмысқа орналасқан. Бұл қызметте ол екі жыл жұмыс істеген. Араға жеті жыл салып, 1995 жылы Өмірзақ Шөкеев 29 жасында ҚР экономика министрі болып тағайындалған. Содан бері бүгінге дейін ол еңбек жолында Астана, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі секілді қызметтерді атқарған.

Махамбет Досмұхамбетов - геолог


Махамбет Досмұхамбетов

Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. Негізгі мамандығы - геолог. 1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын "Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау"  мамандығы бойынша бітірген. Артынша 2016 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін іскер әкімшілік ету магистрі бойынша тәмамдаған.

23 жасында Досмұхамбетов "Балықшы" барлама бұрғылау басқармасының геологы болып орналасқан. Үш жылдан кейін сол басқармада бас геолог болып көтерілген. Содан бері ұзақ жыл бойы геология саласында түрлі қызмет атқарған.

2016 жылы энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалған. Былтыр 18 желтоқсанда Атырау облысының әкімі қызметіне кірісті.

Архимед Мұхамбетов - ЖШС директоры


Архимед Мұхамбетов. ©Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 11 қыркүйегінен бері Архимед Мұхамбетов - Қостанай облысының әкімі. Ол 1972 жылы 6 маусымда Ақтөбе облысының Алға қаласында туған. Болашақ әкім Самара мемлекеттік техникалық университетін "Инженер-электрик" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал кейін Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетін бітіріп, қаржы саласында тәлім алған.

Архимед Мұхамбетов еңбек жолын бірден лауазымды қызметтен бастаған. 22 жасында "Дрим-Тим" ЖШС директоры болған. Сондай-ақ жергілікті халыққа танымал "Рамазан" нан комбинатының бас директоры қызметін атқарған.

Мұхамбетов 36 жасында Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалған. Артынша төрт жыл бойы Ақтөбе облысын басқарған болатын.

Қуанышбек Ысқақов - станокшы


Қуанышбек Ысқақов

Қуанышбек Ысқақов былтыр 28 маусымда Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалған. Өңір басшысы 1968 жылы 15 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ысқақов бүгінге дейін үш жоғары оқу орнын тәмамдаған. 25 жасында Жахаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген. Артынша Қызылорда политехникалық институтын - "Бухгалтер-экономист", Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Болашақ әкім еңбек жолын 17 жасында Қызылорда жиһаз фабрикасында 1-ші разрядты станокшы ретінде бастаған. Артынша жоғары оқу бітірген соң, салық комитетінде еңбек еткен.

Әбілқайыр Сқақов - салық бөлімінің маманы


Әбілқайыр Сқақов

Әбілқайыр Сқақов биыл 21 қаңтарда Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Ол 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Сқақов бүгінге дейін төрт жоғары оқу орнында тәлім алған. 19 жасында Ақмола қаржы-экономика техникумын "Салықтар қаржыгері" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Кейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Экономика және қаржы" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша және М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Сқақов 21 жасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Павлодар облысы бойынша салық инспекциясы жанама салықтар бөлімінің маманы болып орналасқан. Кейін салық инспекторы болып қызмет еткен.

Даниал Ахметов - құрылыс комбинатының шебері


Даниал Ахметов. Фото: eurasiancommission.org

Қазіргі облыс әкімдерінің ішінде қызметінде ең ұзақ отырғандардың бірі - Даниал Ахметов. Ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне 2014 жылы11 қарашада тағайындалған. Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар облысында дүниеге келген. 23 жасында Павлодар индустриалды институтын "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген.

Сол жылы "Павлодар тұрғын үй құрылыс" тресі үй құрылыс комбинатының шебері болып қызмет ете бастаған. Кейін сол комбинатта аға прораб болып қызмет еткен.

Даниал Ахметов түрлі жылдары Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, премьер-министр, қорғаныс министрі секілді қызметтерді атқарған.

Ермек Маржықпаев - дене шынықтыру мұғалімі


Ермек Маржықпаев © aqmola.gov.kz

Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі қызметіне былтыр 19 наурызда тағайындалған болатын. Ол 1969 жылы 29 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы "Тұран" университетін, 2009 жылы Көкшетау университетін бітірген. Тарих мұғалімі, заңгер, қаржы мамандықтарын меңгерген.

Болашақ әкім еңбек жолын 1991-1992 жылдары дене шынықтыру мұғалімі, бокс бапкері, орта мектептің тарих мұғалімі болып бастаған.

2008 жылдан бастап әкімдіктерде жұмыс істеп жүр. Ақмола облысындағы Аршалы мен Зеренді аудандарының, Көкшетау қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети