Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 августа 2021 13:09

Дубайдағы EXPO-2020: Қазақстан павильонына қосымша қаржы жұмсалады

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expo2020dubai.com © expo2020dubai.com

Дубайдағы EXPO-2020 көрмесіндегі Қазақстан павильонына қосымша 487 миллион теңге жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.


Дубайдағы EXPO-2020 көрмесіндегі Қазақстан павильонына қосымша 487 миллион теңге жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

QazExpoCongress ұлттық компаниясы қомақты қаражатқа тендер жариялады.

"Ақшаның жартысына жуығы техникалық жабдықтау мен сервистік қызметке жұмсалады. Қалғаны павильонды тазалықта ұстауға және күзету үшін қажет. Лотта тіпті кеміргіштермен және жәндіктермен күресу мақсатында шығын қарастырылған", - делінген Aibat хабарында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Айта кетейік, Дубайдағы EXPO көрмесі 2021 жылдың 1 қазаны мен 2022 жылдың 31 наурыз аралығында жарты жыл бойы өтеді.

Осыған дейін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандық павильонның құрылысына 9 миллиард теңге жұмсалатынын айтқан болатын. Қазақстан Дубайдағы EXPO-да мемлекет бюджеті есебінен павильондар салады, осы арқылы елге инвестор тартуға ниетті. Министр бұл ақша былтырғы бюджеттен бөлінгенін мәлімдеді. Көрмеден кейін бұл павильон бөлшектеліп, Қазақстан аумағына осы қаражат есебінен жеткізіледі.

Қазақстан Дубайдағы EXPO-ға не үшін 9 миллиард теңге жаратады?

Кейінірек Казақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне жұмсалатын қаражатты қысқартатыны хабарланған еді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети