Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 марта 2021 12:43

Екі сынамада ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамм анықталды - Бекшин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирусқа байланысты эпиджағдай күрделі. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда коронавирусқа байланысты эпиджағдай күрделі. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, Алматыдағы жағдайдың өршуінің негізгі себебі - қалада тарап жатқан, мутацияланған вирус штамы. 

"Өткен аптада штамдарды анықтап, қалада жиналған сынамалардан өзгеріс табылды. Өзгеріс үш штамға байланысты: ұлыбританиялық, бразилиялық және оңтүстікафрикалық. Олар қаладағы екі зертханада қосымша зерттелді. Сол зертхана арқылы екі сынамада ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамм анықталды. Сондықтан бүгінде қандай штамдар айналымда жүріп жатқанын білеміз. Сол штамдарға байланысты біз арнайы, күшейтілген шектеу шараларын қабылдадық", - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте. 

Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 33 557-ге жетті. Оның ішінде 27 011 адам аурудан айықты. Алматы COVID-19 бойынша "қызыл" аймақта. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети