Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 апреля 2019 17:44

Елімізде тарихи-мәдени ескерткіштер қалай қорғалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Дәулет Қожамұратов © Дәулет Қожамұратов

Мәдени ескерткіштер қалай қорғалған? Бұл сұрақ Париждегі Нотр-Дам де Пари ғимаратынан шыққан өрттен кейін әсіресе өзекті. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың еліміздегі мәдени және тарихи ескерткіштердің қауіпсіздік мәселесіне көңіл аударғаны да байқалды. Бүгін Tengrinews.kz тілшісі 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнінде еліміздегі тарихи ескерткіштердің қауіпсіздік деңгейін білді.


Мәдени ескерткіштер қалай қорғалған? Бұл сұрақ Париждегі Нотр-Дам де Пари ғимаратынан шыққан өрттен кейін әсіресе өзекті. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың еліміздегі мәдени және тарихи ескерткіштердің қауіпсіздік мәселесіне көңіл аударғаны да байқалды. Бүгін Tengrinews.kz тілшісі 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнінде еліміздегі тарихи ескерткіштердің қауіпсіздік деңгейін білді.

Еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, елімізде тарихи жәдігерлеріміздің қауіпсіздік деңгейі жоғары емес.

"Нақтысын айтуымыз керек, қауіпсіздік деңгейі жоғары емес. Мәселен өткен жылы Бразилиядағы музей өртеніп кеткен болатын. Біз, әрине, күндіз-түні еліміздегі музейлер мен тарихи маңызы бар ескерткіштердің жағдайын біліп отырамыз. Барлық музейде қауіпсіздікті күшейтуіміз керек. Өрт сөндіру қызметіне ғана сеніп отырмауымыз керек, әйтпесе мұның арты Нотр-Дам де Паридегі өрт секілді қайғылы аяқталады", - деп пікір білдірді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Нотр-Дам де Париден шыққан өрт Франция үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызды.

"Виктор Гюгоның шығармасы фильм түсіруге де, мюзикл қоюға да арқау болды. Таяуда болған оқиға бізге өте ауыр соққы. Бізге өзіміздің де тарихи ескерткіштердің әлем жақұты болғаны керек. Алайда, өкінішке қарай, біз тамаша жәдігерлерімізді әлемдік аренаға шығара алмай отырмыз. Тарихи орындарымызда енді ғана археологиялық жұмыстарды бастап жатырмыз, яғни әлі өзіміз де толықтай зерттеп болғанымыз жоқ. Мәселен Яссауи кесенесінің маңында Күлтөбе деген қала болған, соны қанша жыл айтып-айтып, енді ғана зерттеуді бастап жатырмыз. Бұл бір ғана кесене емес, археологиялық кешен болар еді", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Осы орайда Түркістан облысындағы Яссауи және Арыстан Баб кесенелерінің қауіпсіздік деңгейін анықтап көрдік.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Ержан Жүнісовтің айтуынша, қорық-мұражай Арыстан Баб кесенесінің қаупсіздігі жөнінде арнайы өртке қарсы қызметпен айналысатын компаниямен келісімшарт жасасқан.


Кесенеге күніне 500-600 адам келеді екен

"Сол компанияның мамандары дабыл қаққыш қорытындысын тексеріп тұрады. Мамандар өрт сөндіру құралдарын уақытылы тексеріп, ауыстырып тұрады. Жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі мамандарымен алдын алу іс-шаралары да өтіп отырады", - дейді Жүнісов.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, бүгінге дейін кесене ішінде төтенше жағдай болмаған.

"Нақты Арыстан Баб кесенесінде күні-түні үш күзетші қойылған. Оның үстіне, кесененің сырты мен ішінде бейнебақылау камералары орнатылған. Күзетшілер әрдайым қолында күмәнді зат ұстаған, қауіпті болуы мүмкін деген қап болса, міндетті түрде тексереді. Париждегі оқиғадан кейін шырақшы мамандарымыз, қорықшылар кесененің барлық қызметкерімен бірігіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдын алу іс-шараларын өткізді", - дейді қорық қызметшісі.


Арыстан Баб кесенесіндегі бейнебақылау камерасы

Ал "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, Яссауи кесенесінің іші-сыртында бейнебақылау камералары қойылған.

"Қорық музей жыл сайын жылдық жоспар негізінде тиісті алдын алу шараларын атқарып тұрады. Бұл біздің музейдің жылдық жоспарында белгіленген. Музейге Яссауи кесенесі, Жұма мешіті, Шығыс моншасы, Күлтөбе, Үкаша ата нысандары енеді. Біздің қорық музейге қарасты осы нысанның барлығына 40-тан аса бейнебақылау камерасы қойылған", - дейді музей директоры.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі бейнебақылау камерасы. © baq.kz

Ал күзет қызметімен тендер арқылы таңдалған, арнайы талаптарға жауап бере алатын компанияның мамандары айналысады екен.

"Күзетуге қатысты барлық талапқа бұл мамандар сай болуы керек, арнайы оқу орнын бітірген бе, жоқ па, осының барлығы қаралады, тексеріледі. Сол фирма осы талаптарға сай болса ғана, мемлекеттік сатып алу заңының негізінде ұтып алып, жыл сайын өзінің күзет жұмыстарын іске асырады", - дейді ол.


Музей қызметкерлері экспонаттарды эвакуациялау шараларын жүргізу дайындығын жасап жатыр

Мұнымен қатар, музей қызметкерлері Нотр-Дам де Паридегі өрттен кейін арнайы жиын-инструктаж өткізіпті.

"Музейдің қызметкерлері өз нұсқаулықтары бойынша білімін, біліктілігін тексеріп, оны шыңдай түсу үшін музей экспонаттарын төтенше жағдайда қалай эвакуациялау керек, жалпы қандай сақтық шараларын жүргізу керек деген сияқты дайындық жұмыстарын жүргізді", - дейді музей директоры Нұрболат Ахметжанов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети